Медицина қызметкері күнімен
2022 жылдың 15 маусымында кәсіби мереке құрметіне Ақтөбе медициналық орталығында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бас дәрігер Е.Б.Султангереев құттықтау сөз сөйлеп, медицина қызметкерлері жұмысының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, ұжымның еңбегіне жоғары баға берді, қызметкерлерге адал еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Мерекелік жағдайда біздің Орталықтың келесі медицина қызметкерлеріне лайықты марапаттар табысталды: акушер–гинеколог Е.М.Самбетовке «Халық мақтанышы» медалі, эндокринолог Д.Г.Искалиеваға және неонатолог А.Р.Мухамедьяроваға «Ардақты ардагер» медалі, қабылдау бөлімінің медбикесі Қ.К.Тугралинаға және операциялық блоктың медбикесі Г.И.Ешмуратоваға «Мейірім» медалі тапсырылды.
Облыс әкімінің атынан «Алғыс хат»келесідәрігерлерге: Хайруллина З.С., Есенжулова А.Б., Алдабергенова М.Т., Узганов Е.Е., Хамидулла Б.Х. табысталды. Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің атынан «Алғыс хат» дәрігерлер Бекжанова Ж.С., Құрманбай Г. М., мейірбикелер Макатова З.С. және Саргузина А.С. тапсырылды.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік дәрігер» атағына пульмонолог Каримолдаева Д.К., «Үздік мейірбике» атағына - урология бөлімінің мейірбикесі Шурипова Г. иеленіп, 100 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.
Мереке қарсаңында әрбір бөлімшеге біздің орталықтың басшылығы мен кәсіподақ комитетінің атынан бағалы сыйлықтар (тұрмыстық техника) және демеушілер«Казхром» ҰТК АҚ (жеміс себеттері, тәттілер), «Еуразиялық банк» АФ (қолшатырлар) атынан табыс етілді. «Сенім» кәсіподағынан «Алғыс хат», Денсаулық сақтау басқармасынан, орталық әкімшілігінен 13 дәрігер,8 мейірбике және 9 санитар марапатталды. Мерекелеріңізбен, қымбатты әріптестер! Жұмыста сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!