Ақтөбе медициналық орталығында «Мейірбике күні»!
12 мамырда Дүниежүзілік мейірбике күні атап өтіледі, дәстүрлі түрде мейірбикелердің кәсіби мерекесіне біздің орталықта үлкен көңіл бөлінеді, жарыстар, салтанатты іс-шаралар өткізіледі, еңүздік қызметкерлерын таландырылады.
Ақтөбе медициналық орталығында мейірбике күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.Бас дәрігерРүстем Қанапиұлы Исаев құттықтау сөзінде орта медицина қызметкерлерінің емдеу-диагностикалық барысындағы маңыздылығын атап өтті,медбикелердіңсапалы медициналық көмек көрсетудегі ерекше рөлін атап өтті және оларға күнделікті тәжірибеде кәсібилігі мен шексіз шыдамдылығы үшін алғысын білдірді.
Салтанатты жағдайда, 25 мейірбикеге табысты жұмысы үшін,денсаулық сақтау Басқармасыжәнебіздің орталықтың әкімшілігі атынан грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.Бас дәрігер Р. К. Исаев өз жұмысынадал атқарғаны үшінкелесі қызметкерлерге «Мейірім» медальдарын: Балалар ауруханасының соматикалық бөлімінің аға мейірбикесі Гүлжамига Дәулетқызы Убениязоваға, балалар ауруханасының инфекциялық бақылау медбикесі Сарқыт Қабылытқызы Дүсіповаға, КДО бас мейірбикесі Зина Джаманкуловна Тлеуғалиеваға, БМСК мейірбикесі Ольга Викторовна Снежковаға табыс етті.
Мейірбике күнін мерекелеу қарсаңында, Ақтөбе медицина орталығының балалар ауруханасы, көпбейінді аурухана және кеңес беру-диагностикалық орталығы мейірбикелерінің арасында, кәсіби біліктілік байқауы өтті. Байқау «Таңу бөлмесінің Үздік мейірбикесі» және «Емдеу бөлмесінің Үздік мейірбикесі» екі номинация бойынша өтті, оған 18 мейірбике қатысты, конкурстың шарттары бойынша әрбір қатысушы мейірбикелік манипуляцияны жасау бойынша бейне ролик ұсынды. Сонымен қатар, конкурстық комиссия бекітілгенстандартты операциялық рәсімдерге сәйкес манипуляцияларды енгізуді ескерді: пациенттерді сәйкестендіру, хирургиялық қауіпсіздік, инфекциялық бақылау, жоғары қауіпті дәрілік заттармен жұмыс істеу ережелерін ұстану және ауызша ақпаратты беру ережелері.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен марапатталды,"Таңу бөлмесінің Үздік мейірбикесі« номинациясы бойынша қан тамыр хирургиясының мейірбикесі Кулайым Нажмадиновна Губайдуллина және „Емдеу бөлмесінің Үздік мейірбикесі“ атағына кардиология бөлімшесінің мейірбикесі Айнамкөз Қарабековна Утегулова марапатқа лайықтау болып табылды. Жеңімпаздарға „Аялыалақан“ деген ескерткіш таңба, „2018 жылғы Үздік мейірбике“ алтындалған жазуы бар жеңімпазбелдігі, марапаттау хаты және ақшалай сыйлық табыс етілді.
Ресми бөлімнен кейін көрермендерге, кәсіподақ комитетінің қатысуымен, орталық қызметкерлері дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Ақтөбе медициналық орталығы ұжымы атынан біздің орталықтың және облыстың емдеу-профилактикалық мекемелерінің орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз, зор денсаулық және айтарлықтай табыстар тілейміз!