Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » 1 наурыз Алғыс айту күні - Ақтөбе медициналық орталығында

1 наурыз Алғыс айту күні - Ақтөбе медициналық орталығында

01 март 2018, Четверг
1 578
0

Қазақстанда 1 наурыз жалпы халықтық «Алғыс айту күні» болып атап өтіледі. Бұл біздің ортақ тарихи естелікті, халқымыздың ұлттық бірлігін, құрметпен ынтымақтастығын бейнелейтін күн.

Әрине, Ақтөбе медициналық орталығында оның қалыптасуы мен қайта құрылу тарихы бар. Біздің үлкен медициналық отбасымыздың негізгі рухани қағидалары-өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету болды. Бүгін біз өзіміздің денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне қайырымдылығы, жомарттығы, даналығы үшін алғысымызды білдіреміз. Олардың көпшілігі жұмысын істеп, жас ұрпаққа өз тәжірибелерін үйретуде,қазірдің өзінде құрметті демалыстағылар да бар, бірақ олар тәлімгерлікті жалғастыруда.

Кәсіподақ комитеті орталық басшылығымен бірлесе акушер-гинеколог В. И. Авраменко, невролог дәрігері Д.Қ. Қожақұлов және балалар травматолог дәрігері А.С. Омаровқа алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды.


Кәсіподақ комитетінің өкілдері кеңес беру-диагностикалық орталығының құрметті демалысындағы ардагерлері: учаскелік дәрігер Р. И. Крапивко және акушер-гинеколог Ж. К. Айдаралинаның үйлеріне барып, жылы ниетпен құттықтап, оларға көптеген жылдар бойы медицинадағы адал қызметіүшін алғыстарын білдірді.


Құрметті Ақтөбе облысы денсаулық сақтау саласының ардагерлері!

Сіз қоғамға танымал дәрігерлерсіз, Сіздің медицина саласына қосқан үлесіңізді, тәжірибеңізді, кәсіпқойлығыңызды үлкен ризашылық пен есімізде сақтаймыз. Біз Сіздің жан-тәнімен беріліп жұмыс істегендеріңізді, мейірімділігіңізді және адамгершілігіңізді бағалаймыз! Сіздерге деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

«Aktobe medical Center» ұжымы.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки