Жүрек аритмиясы кезінде криоабляция технологиясын енгізу
Ақтөбе медициналық орталығында біздің серіктесіміз «Medtronic» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында жүрек аритмиясын емдеудің заманауи аз инвазивті технологиясы – криоабляция енгізілуде. 21.01.2023 ж. Ақтөбе облысында алғаш рет АМО базасында жүрекшелер фибрилляциясынан зардап шегетін пациенттерге (әйел 67 жаста, ер адамдар 50 жаста және 61 жаста) өкпе веналарының сағаларын криобаллонды оқшаулау (КБИУЛВ) бойынша 3 емшара жүргізілді.
Аталған миниинвазиялық операция біздің орталықтың бейінді мамандарының бригадасы медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ бас штаттан тыс аритмологы А.С.Абдрахмановпен (Астана қ.) бірлесіп жүргізді.

Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)