Инсульт мектебіндегі сабақтар жалғасуда
Ақтөбе медициналық орталығының көп бейінді ауруханасы базасының Инсульт мектебінде тұрақты түрде сабақтар өткізіледі. Инсульт бөлімінің медицина қызметкерлері пациенттер мен олардың туыстарының өткір ми қанайналымы бұзылыстарыныңклиникалық көрінісі туралы хабардарлық деңгейін арттырады, диагностикалау және емдеу әдістерін, пациенттерді және олардың отбасыларын емдеу ережелерімен, ауруханадан шыққаннан кейін одан әрі оңалту әдістерімен және алдыналу әдістерімен таныстырады.
Сабақтарды әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер жүргізеді:невропатологтар, оңалтушы мамандар, ЕДШ дәрігері, психологтар, логопед және орта медицина қызметкерлері. Пациенттер мамандардың ұсыныстарын тыңдап, өзсұрақтарына жауап ала, сабаққа белсенді қызығушылықпен қатысатынын атап өткен жөн.