Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні

16 июнь 2023, Пятница
217
0

Ақтөбе медициналық орталығында “Дәрігерлік кәсіп-Адамгершіліктің асылы” атты медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік құттықтау шарасы өтті. Орталықтың бас дәрігері Султангереев Ерлан Бахытұлы қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтап: «Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге іске адалдық үшін, пациенттерге қайырымды, ортаға мейірімді  қарым-қатынастарың үшін бек рахмет!» 51 қызметкерді төс белгімен, алғыс хаттармен марапаттады.

Республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған: рентгенхирургиялық бөлімшенің бөлім меңгерушісі Таумов Айдос Жақсылықұлына «ҚР Құрметті азаматы» атағы, төс белгісі мен бағалы сыйлығы тапсырылды, кардиология бөлімшесінің аға мейірбикесі Утепбергенова Эмилия Жукеновна «ҚР мәртебелі маманы» атағы, төс белгісімен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ақтөбе медициналық орталығының келесі қызметкерерін «Асыл дәрігер» төс белгісімен марапаттады: кардиология бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Бекжанова Жанаргуль Сатгуловна, қабылдау бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Каримолдаева Динара Коныратбаевна, кардиоБИТ бөлімінің жауапты маманы дәрігер анестезиолог-реаниматолог Айтжанов Талғат Тілекқабылұлы, гастроэндоскопиялық орталығының бөлім меңгерушісі Құрманбай Гүлмира Масхутқызы.

«Денсаулық сақтаудың құрметті ардагері» төс белгісімен жүкті әйелдер патологиясының акушері Сисенбаева Гаухар Кадирбековна марапатталды. «Мейірім» төс белгісімен сәулелі диагностика бөлімшесінің аға лаборанты Буркитбаева Кулпаршын Нарымбаевна және терапия бөлімшесінің аға мейірбикесі Ильясова Майра Казбековна марапатталды.

4 қызметкер Облыстық маслихаттың, 7 қызметкер «Аманат» партиясының, 5-қызметкер Ішкі саясат басқармасының, 5 қызметкер Ақтөбе Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, 6 қызметкер Астана ауданының әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар медицина емес шаруашылық қызметкерлері  де алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Құрылымдық бөлімшелерге компьютерлер, принтерлер, тұрмыстық техника табысталды.

Мереке құтты болсын құрметті әріптестер!

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки