Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлеріне «Дені саудың жаны сау» ұранымен тимбилдинг өткізілді
Дәстүр бойынша кәсіби мереке құрметіне Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлеріне «Дені саудың жаны сау» ұранымен тимбилдинг өткізілді. Корпоративтік іс-шара табиғат аясында қала маңындағы аймақта ұйымдастырылды.
Мереке жасыл желектер арасындағы спорт алаңында бас дәрігер Е.Б.Султангереевтің және медициналық директор А.Б.Есенжулованың әріптестерін құттықтау сөздерімен басталды.
Жеребе нәтижесінде қатысушылар қызыл, көк және сары түсті қолтаңбалары бар үш командаға бөлініп, өз капитандарын сайлады. Әрі қарай белсенді командалық ойындар басталып, «Үздік команда» атағы үшін жарыстар өткізілді.
Тимбилдинг бағдарламасында түрлі эстафеталар, ойындар, сондай-ақ демалыс базасының аумағы бойынша квесттер болды. Табиғаттағы ойын-сауық караоке мен бидің музыкалық байқауларымен, фотосессиямен, әріптестерінің керемет қарым-қатынасымен жалғасын тапты.
Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды. Тимбилдингтің әрбір қатысушысы өзінің көңілді және позитивті көңіл күйімен мерекенің жағымды достық атмосферасын құруға зор үлесін қосты#aktobemc