Батыс Қазақстан медицина университетінің клиникалық бөлімшелерінің резиденттері үшін тренинг өткізілді
2023 жылдың 27-ші қыркүйегінде сапа менеджменті қызметінің бастамасымен Ақтөбе медициналық орталығының базасында Батыс Қазақстан медицина университетінің клиникалық бөлімшелерінің резиденттері үшін тренинг өткізілді. Ағымдағы оқу жылында орталықтың акушерия және гинекология, хирургия, ішкі аурулар, аллергология, кардиология, оториноларингология, урология сияқты түрлі салалары бойынша 208 резидент білім алуда. Өз сөзінде медициналық директор Есенжулова А.Б. кафедраға бірлескен жұмысы және осы іс-шараға белсенді қатысуын қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді, сондай-ак, Орталық жұмысының басым бағыттарының бірі халыкка сапалы медициналық көмек көрсету екенін атап өтті.


Обсудить
Читайте также:

07 февраль 2019, Четверг
«Ақтөбе медициналық орталығы» қабылдау бөлімшесінің қызметін жетілдіру бойынша шебер-класс»

12 октябрь 2018, Пятница
Сапа менеджменті және ұқыпты өндіріс технологиялары бойынша денсаулық сақтау мамандарын оқыту
Комментарии (0)