Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Медицина қызметкерлерін оқыту медициналық көмектің сапасын арттыру саласында

Медицина қызметкерлерін оқыту медициналық көмектің сапасын арттыру саласында

24 октябрь 2023, Вторник
126
0

2023 жылғы 23-24 қазанда Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Ақтөбе медициналық орталығы әкімшілігінің бастамасымен қалалық және облыстық алғашкы медициналық-санитарлык көмек ұйымдарының қызметкерлеріне “Сапа менеджменті қағидаларын енгізу негізінде амбулаториялық-емханалық көмектің қолжетімділігін, сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұқыпты өндіріс” тақырыбында оқыту семинары өтті.  
Росздравнадзордың «Ұлттык сапа институты» Федералдық, мемлекеттік бюджеттік мекемесінің аға оқытушысы, Росздравнадзордың «Медициналық қызметтің, сапасы мен қауіпсіздігі» ерікті сертификаттау жүйесінің сарапшы-аудиторы Олег Вильевич Куликов (Санкт-Петербург қ.) шакырылды. Тренинг барысында стратегиялық менеджменттің, үнемді өндірістің, пациенттердің құқықтарын қорғаудың, амбулаторлық- емханалық көмек көрсету процестерін стандарттаудың өзекті мәселелері талқыланды Ақтөбе медициналық орталығы басшылырының бастамасымен  
       24.10.2023 ж. медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы сарапшы-аудитор О.В.Куликовтың катысуымен аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен аға медбикелері үшін тренинг өткізілді. Қонақ өз дәрісінде пациенттердің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қанағаттануын арттырудағы бөлім басшыларының маңызды рөлін атап өтті, сұраныстарды басқару, ішкі процестерді жүйелеу және күнделікті тәжірибеде коммуникацияларды жақсарту бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар берілді. Орталық басшылығының атынан О.В.Куликовқа оқытып және тәжірибе алмасқаны үшін ізгі тілегімізді білдіреміз. 
 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки