Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Қазақстанның аккредиттеу жүйесінің және Ақтөбе медициналық орталығының мерейтойлары аясында Ақтөбеде өткен медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі форум

Қазақстанның аккредиттеу жүйесінің және Ақтөбе медициналық орталығының мерейтойлары аясында Ақтөбеде өткен медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі форум

14 февраль 2024, Среда
82
0
2024 жылғы 14 ақпанда Ақтөбе қаласында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдерін жинаған медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі форум өтті.                Іс-шара Қазақстан Республикасындағы аккредиттеу жүйесінің 15 жылдығына және Ақтөбе медициналық орталығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды, бұл аталған ұйымдардың елдегі сапалы медициналық көмекті дамытуға қосқан елеулі үлестерін білдіреді.
                                                             Форумды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы ашып сөз сөйледі, ол медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бастамаларға тұрақты қолдау білдіріп, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету үшін осындай жұмыстың маңыздылығын атап өтті
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Түлкібаева Бақытжан Мәжитқызы медициналық көмектің сапасын жақсарту саласында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып, бұл бағыт өңірдің атқарушы органдары үшін басым болып қалатындығын атап өтті
                                                                   

        Форумда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Медициналық сақтандыру қоры филиалы баяндама жасады. Оның ішінде, медициналық қызметтердің жоғары стандарттарын қамтамасыз етудің маңызды қадамына айналатын  Медициналық сақтандыру қорының сапа мониторингі жөніндегі жаңа саясатына, «Тәуекелдерді басқару жүйесіне» ерекше назар аударылды. 
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ қызметкерлері медициналық көмектің тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, дәрілік қателіктер, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және аккредиттеудің медициналық ұйымдардың жұмыс сапасына әсері туралы маңызды баяндамалар жасады. Университет ректоры Қалиев Әсет Әскерұлы қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

                                                                     Ақтөбе медициналық орталығы өзінің он жылдығын атап, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттарды қоя отырып, өңірдің жетекші медициналық ұйымы мәртебесін бекітті. Аккредиттеу рәсімінен сәтті өтіп, жоғары бағалау алған Орталық медициналық қызметтерді жетілдіруге деген өз ұстанымын көрсетті.
Бүгінгі таңда Ақтөбе медициналық орталығы 400 төсектік көп бейінді стационар болып табылады, ол 28 бейін бойынша, оның ішінде тамырлы хирургия, эндокринология, урология, оториноларингология, гастроэнтерология, ревматология, аллергологияны қоса алғанда, облыстың басқа медициналық мекемелерінде баламасы жоқ 10 бейін бойынша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.
                                                               Орталыққа перинаталдық көмекті өңірлендірудің 3-деңгейдегі акушерлік-гинекологиялық қызметінің бөлімшелері, 3-деңгейдегі инсульт орталығы және 2-деңгейдегі интервенциялық кардиология бөлімшесі кіреді. Академик Ж. А. Досқалиевтің басшылығымен 2014 жылғы 24 қарашада сәтті жүргізілген алғашқы бүйрек трансплантациясы Батыс өңірі үшін маңызды оқиға болып табылады. 2018 жылдан бастап Орталық Қазақстанда операциялық блок деңгейінде медициналық мақсаттағы бұйымдардың дербестендірілген есебін енгізген алғашқы мекеме болды, бұл оның медициналық тәжірибеде инновацияларды енгізудегі жетекші ұстанымын көрсетеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызметтердің сапасын жетілдіруге қосқан үлесі үшін «Жыл үздігі» номинациясы бойынша өз өңірінің үздік мекемесі болып танылды.
                                                               Аккредиттеу орталығы қызмет істеген жылдарда медициналық қоғамдастықты аккредиттеу стандарттарына оқытуға бағытталған елеулі әдіснамалық жұмысты жүзеге асырды.
«Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылардың және кеңесшілердің» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрайымы Қаупбаева Ботагөз Төлеуғалиқызы: «Аккредиттеу жүйесінің 15 жылдығына орай Қазақстанның түрлі қалаларында осындай форумдар жоспарланғандығын, бұл мамандардың кең ауқымын қамтуға және медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретіндігін» атап өтті.
Сонымен қатар, Бірлестік аккредиттеуді кеңейту, елден тыс жерлерге шығу және ТМД елдерінің аумағында жоғары сапа стандарттарын белгілеу бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл медициналық қызметтердің жаһандық деңгейін қамтамасыз етуге деген ұмтылысты және халықаралық танылуды көрсетеді.
                                                                    Форумда дәрілік заттардың дербестендірілген есебі, триаж-жүйесі, хирургиялық қауіпсіздік, медициналық қателіктердің алдын алу және жедел медициналық бригадалардың өзара іс-қимылын жақсарту үшін заманауи технологияларды енгізу сияқты медицина саласындағы нақты міндеттерді шешуге бағытталған мастер-класстарға ерекше назар аударылды.
Іс-шара батыс өңірінің төрт облысынан 2023 жылға аккредиттелген клиникаларды және өз өңірлерінде аккредиттеу жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан ұлттық аккредиттеу жөніндегі сарапшыларды салтанатты марапаттаумен аяқталды.
Ақтөбеде өткен медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі форум еліміздің өз азаматтары үшін медициналық қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге деген бейілділігін көрсете отырып, Қазақстан Республикасында медицина саласының одан әрі дамуына ықпал ететін маңызды оқиға болды.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки