Сапа менеджменті қызметінің ұлттық аккредиттеу сарапшылары брифингіне қатысуы
2022 жылғы 18-19 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттеу жөніндегі сарапшылар үшін жыл сайынғы Ұлттық брифинг өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасындағы медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесінің 12 жылдығына орай өткізілді.
Брифингті ұйымдастырушы - Б.Т.Қаупбаеваның басшылығымен Денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккредиттеу Орталығы. Брифингтің мақсаты - 2021 жылдың қорытындысын шығару, сарапшылар арасында тәжірибе алмасу және жаңартылған аккредиттеу стандарттарына оқыту.
Кеңейтілген отырыс аясында Ақтөбе медициналық орталығына ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын беру туралы сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Кеңеске облысымыздың медициналық ұйымдарының өкілдері: қалалық және аудандық мекемелерден 14сарапшы, сондай-ақ АМО-ныңСМҚ басшысы З.С. Хайруллина қатысты және медициналық директор А.Б.Есенжулова ұлттық сапа стандарттарын енгізу тәжірибесі туралы баяндама жасады.