Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Халықаралық қатысумен конференция «Аллергология, иммунология және пульмонологияның пәнаралық аспектілері»

Халықаралық қатысумен конференция «Аллергология, иммунология және пульмонологияның пәнаралық аспектілері»

01 март 2024, Пятница
70
0
 2024 жылғы 1 наурызда «Аллергологияның, иммунологияның және пульмонологияның пәнаралық аспектілері» халықаралық қатысуымен конференция өтті, ол әртүрлі бейіндегі мамандардың аллергиялық ауруларды, тыныс алу органдарының ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін клиникалық практикаға енгізу және адамның иммундық жүйесінің патологиясын уақтылы анықтау бойынша өзара жұмыстарының өзекті мәселелеріне арналды.

 
Конференцияны дайындау және өткізу кезінде аллергологтар мен иммунологтар қауымдастығымен бірлесіп Марат Оспанов атындағы  БҚМУ КеАҚ және Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлері де қатысты: ұйымдастыру комитетінің құрамында, респираторлық медицина орталығының басшысы З.С.Хайруллина, аллерголог С.Х.Есекеева баяндама жасады,   клиникалық базаның тәлімгерлері жас ғалымдар Конкурсына қатысу үшін резиденттерді клиникалық практикадағы жағдайлар туралы презентациялармен дайындады.  М.Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ резидентурасында/докторантурасында оқитын және біздің клиникалық базада жұмысты қоса атқаратын жас ғалым дәрігерлер Конкурсындағы жеңісімен құттықтаймыз: Резидент А.Э.Мулдашева 1 жыл оқыған аллерголог-иммунолог (ғылыми жетекшісі, м.ғ.к. З.С.Хайруллина) «Дәрілік аллергияның ауыр түрлері - Стивенс Джонсон синдромы. Клиникалық жағдай» тақырыбында баяндама жасады  және  III дәрежелі Дипломға ие болды. А.М.Маденбаева - 1 жыл оқыған докторант (ғылыми жетекшісі - м.ғ.к. С.С. Курмангалиева) II дәрежелі Дипломға ие болды.
  
                                                       


Айта кету керек, 2019 жылдың қаңтар айында біздің базада стационарлық және консультациялық көмек көрсету үшін Облыстық респираторлық медицина және аллергология орталығы ашылды. Орталықта зертханалық зерттеулерді, функционалдық диагностиканы, сәулелік диагностиканы қоса алғанда, барлық қажетті емдеу-диагностикалық қызметтер бар. Бұл жерде пациенттер қажетті диагностика мен мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрлерін ала алады. Биыл Ақтөбе медициналық орталығы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.
 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки