Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » ҚАЗАҚСТАН ИММУНОЛОГТАРЫНЫҢ II СЪЕЗІ.

ҚАЗАҚСТАН ИММУНОЛОГТАРЫНЫҢ II СЪЕЗІ.

11 октябрь 2019, Пятница
628
0
2019 жылдың 3 – 5 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан иммунологтарының Екінші съезі және «Клиникалық иммунологияның өзекті сұрақтары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға еліміздің жетекші мамандары: иммунологтар, аллергологтар, гематологтар, педиатрлар, сонымен қатар Австрия, Ресей, Беларусь, Өзбекстанның ғалымдары қатысты.
Конференция қатысушыларына құттықтау сөздерімен денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Актаева, РДСД директоры А.Т.Айыпханова, Аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың Еуропалық қауымдастығының президенті, профессор Рудольф Валента сөз сөйледі.


Конференцияда клиникалық иммунологияның маңызды сұрақтары, зертханалық диагностика және практикалық медицинаның дамуы мен өзара әрекеттесуі, бастапқы және қайталама иммунодефицит диагностикасының заманауи әдістерін қолдану, оларды емдеудің заманауи тәсілдері талқыланды.


Конференцияда Ақтөбе медициналық орталығының аллергология және иммунология қызметінің жетекшісі, м.ғ.к. З.С. Хайруллина «Бронх демікпесі, шешілмеген сұрақтар» тақырыбында баяндама жасады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки