Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Халықаралық қатысуымен «Травматология және ортопедияны дамытудың заманауи аспектілері және басым бағыттары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Халықаралық қатысуымен «Травматология және ортопедияны дамытудың заманауи аспектілері және басым бағыттары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

04 октябрь 2018, Четверг
914
0

Халықаралық қатысуымен «Травматология және ортопедияны дамытудың заманауи аспектілері және басым бағыттары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция алғашқы рет Ақтөбе қаласында 2018 жылдың 4-5 қазан аралығында өтті. Конференцияға жақын және алыс шетелдердің 10 елінің мамандары қатысты. Осы конференция шеңберінде, Ақтөбе медициналық орталығының базасында, травматолог-ортопед дәрігерлері үшін шебер-кластары мен мен секциялық отырыстар өткізілді.

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаев Ақтөбе қаласында 2018 жыл - «Бақытты бала» қамқорлық жылы деп жариялады, бұл іс-шараны қолдау үшін балаларға 3 ерекше реконструктивті операция жасалды, хирургиялық араласудың белгілері ретінде остеоидті табан остеомасы, ортан жіліктің диафизінің жалған буынының сан хондромасы және экзостозды хондродисплазия. Жоғары санатты ортопед - дәрігер Н.Б. Дүйсенов операция өткізді.

Біздің көп бейінді стационардың базасында 1955 жылы туылған пациентке оперативтік араласу жүргізілді, ол көп жыл остеохондрозбен аурған, омыртқа жотасының бел бөлігі дискісінің протрузиясы анықталған, консервативтік емі нәтижесіз болған. Астана қ. НИИТО жоғары білікті мамандары О.Бекарисов, М.Байдарбековтің қатысуымен кең көлемде: L5 омыртқасының ламинэктомиясы,L4-L5 дискеттары, L4, L5 түбірлерінің сол жақты декомпрессиясы, L3, L4, L5 омыртқа денелерініңтранспедикулярлы фиксациялау операциясы жасалды. Операциядан кейінгі екінші күні ауырсынудың төмендеуі байқалады, науқас өз бетінше жүреді, ал болашақта оңалту курсы күтіледі. Аталмыш операцияларды Ақтөбе дәрігерлері жүргізетінін атап өткен жөн, шебер-класс барысында тәжірибе алмасу болды. Аталмыш операцияларды Ақтөбе дәрігерлері жүргізетінін атап өткен жөн, шебер-класс барысында тәжірибе алмасу болды.Жалпы, ғылыми-практикалық конференция барысында ересектер мен балалар травматологиясы мен ортопедиясының өзекті мәселелері талқыланды, мамандар ғылыми ақпарат алмасты, хирургиялық араласу әдістерін жетілдіру бойынша өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки