2024 жылғы 9 шілде мен 10 шілде аралығында Ақтөбе медициналық орталығының базасында ЖИТС-орталығының қызметкерлері ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргізді.

АИТВ-инфекциясы кезінде профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуын бағалау мақсатында ішкі процестерге, оның ішінде авариялық жағдайларға дайындығына, пациенттердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін АИТВ-ға биоматериал алу қағидаларын сақтауға мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобының сапары аясында профилактикалық бөлімнің меңгерушісі, ЖИТС-орталығының эпидемиологы А. А. Жайлаубаева семинар өткізді.