Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Облыс әкімінің орынбасары Әбдікәрімов А.А. сапары

Облыс әкімінің орынбасары Әбдікәрімов А.А. сапары

27 июль 2024, Суббота
24
0
2024 жылғы 27 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Әбдікәрімов А.А. Ақтөбе медициналық орталығына барды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.К. Тымпиев пен бас дәрігер Е.Б. Сұлтангереевтің сүйемелдеуімен өңір басшысының орынбасары қабылдау бөлімшесінің, операциялық блоктың, сәулелік диагностика бөлімшесінің, кардиореанимациялық блоктың жұмысымен танысты. 
 
Медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, таяу болашаққа арналған басым жоспарлар талқыланды.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Әбдікәрімов А. А. өз пікірін білдірді: «Ақтөбе медицина орталығында да жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. 10 жыл тарихы бар. 78 мың ота жасалған, 203 мыңнан астам адам емделіп шыққан. Әр нәрсенің тозығы бар дегендей, бұл жерге де күрделі жөндеу керек».
 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки