Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.ААманшаевтің сапары

Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.ААманшаевтің сапары

11 май 2018, Пятница
990
0

«Астананың Мәдениет күндері» аясында 2018 жылдың 11 мамырында Ақтөбе медициналық орталығына Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. А. Аманшаев келді. Сапар барысында астанадан келген қонақты Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.А.Қалиев, «Дару» клиникасының директоры Г. А. Елеуов бірге жүрді.


Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.А.Қалиев Ақтөбе медициналық кластері республикада өңірлік деңгейде құрылған алғашқы медициналық ұйымдардың бірі екендігін атап өтті. Содан кейін, медициналық орталықтың басшылығымен бірге, қонақтарға медициналық кластердің қызметі, оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес көпсалалы аурухананың қабылдау бөлімінің деңгейінде 3H-сұрыптауды енгізу, сондай-ақ орталықты дамытудың басым бағыттары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, қонақтар телемедицина кабинетіне, жоспарлы хирургия және трансплантациялау бөліміне, гипербариялық оксигенация кабинетіне барды.


Облыс әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев өңірлік денсаулық сақтау саласында 24 мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары жүзеге асырылғанын, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жетілдіріліп жатқандығын және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға назар аударылғандығын атап өтті.

Өз кезегінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. А. Аманшаев Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге қызығушылық танытып, медицинадағы кластерлік көзқарастың келешегіне сенім білдірді, бұл сапаны жақсартуға және медициналық қызметтердің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретіндігін айтты.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки