"ҮЛКЕНІН ҚАДІРЛЕГЕН - ЕЛ АРДАҚТЫ"
Бүгін, 30.09.24ж. Ақтөбе медициналық орталығының конференция залында, орталықтың әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған "ҮЛКЕНІН ҚАДІРЛЕГЕН - ЕЛ АРДАҚТЫ" атты мәдени шара өтті. Шараға орталықтың әкімшілігі, кәсіподақ ұйымының төрағасы және орталықтың ардагерлері, кәсіподақ комитетінің мүшелері және басқа да ұжым белсенділері қатысты.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Жексенби Аққабиұлы Көптілеуов жиынды ашып, құттықтау және марапаттау үшін орталық бас дәрігерінің медициналық қызмет жөніндегі орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, м.ғ.к. Ардақ Бекетқызы Есенжоловаға сөз берді.
Ардақ Бекетқызы өз сөзінде: - "Ардагерлер қызмет жасаған ортаға, қоғамға, отбасына ең қадірлі жандар. Сіздердің тәжірибелерің мен ұлағатты тәрбиелік сөздерің артта келе жатқан ұрпаққа үлкен қазына. Әліде орталықтың өркендеуіне қосар үлестеріңіз мол деп түсінім. Үлкенді сыйлау- өзің құрмет, сондықтан бүгінгі мереке күні сіздерге құрметпен қарай отырып, болашақтарыңыздың жарқын болуына тілектеспін" деп, бір топ ардагерлерге Алғыс Хаттар мен сый-сыйапаттар табыс етті.
Орталықтың кәсіподақ ұйымының төрағасы, ҚР-ның еңбегі сінген қызметкері, ҚР-ның Денсаулық сақтау ісінің үздігі Жексенби Аққабиұлы Көптілеуов ұйым атынан, ардагерлерді құттықтап, марапаттар тапсырды.
"Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер"- дейді қазақ. Бейнет - сіздердің маңдай терлеріңіз, ал зейнет соған берілген баға деп түсіну керек. Бейнетіне зейнеті сай аға ұрпақ нағыз бақыт иесі. Сіздер сондай жансыздар деп бағалады, төраға. Әрі қарай,ол: - "Өмірдің қағидасы сол, қоғамға мүше болмасаң, қоғам сені іздемейді. Орталықтың тарихы не бары 10 жыл, бізде барлығы 30-дың үстінде ардагерлер бар, сондықтан ардагерлер қызметін жандандыру үшін, ардагерлер кеңесін құру туралы ұсыныс айтты". Ардагерлерді құттықтап және шараның ұйымдастыру туралы рахметін айтып ардагер дәрігерлер Мұанбетиярова А., Көбенова Г. және медбикелер қызметінің жетекшісі Р.А. Даньярова сөз сөйледі. Шара естелік суретке түсумен аяқталды.

Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)