12 мамыр - Халықаралық медбикелер күні
Ақтөбе медициналық орталығында 12 мамыр - Халықаралық медбикелер күніне орай әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының ұйымдасыруымен мерекелік шара өтті. Мерекелік шараны орталықтың бас дәрігері Е.Б. Султангереев құттықтау сөзімен ашып, медбикелерді марапаттау рәсімін жасады.
Шарада медбикелерді құттықтап және марапат рәсімін жасап медициналық директоры Есенжолова А.Б., кәсіподақ ұйымының төрағасы Көптілеуов Ж.А., менеджмент бөлім жетекшісі Хайрулина З.С., кафедра жетекшілері профессор Жакиев Б.С., Курмангалиев О.М. сөз сөйледі. Мерекелік шара безендірілген саханамен, ән-күймен көмкеріліп, қызметкерлерге үлкен көңіл күй сыйлады.
Ақтөбе медициналық орталығы әкішілігінің, кәсіподақ комитетінің және апалы-сіңлілер кеңесінің алқалы шешімі бойынша орта медициналық персоналды көтермелеу үшін номинациялар белгіленді. Номинациялар бойынша жеңімпаздарға біздің орталықтың мерейтойлық логотипі бар арнайы стоуэткалар мен сертификаттар тапсырылды. "ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ" - Амантаева Ақтоты (жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі) "Мейірімді ЖҮРЕК" - Нұрмағамбетова Жұлдыз (шұғыл хирургия бөлімшесі) "АЯЛЫ АЛАҚАН" - массажист Бугенбаев Дулат
Мерекелік шарада қызметте үздік, мейрімді жандарды Алғыс хаттар мен бағалы сертификаттар, гүл шоқтарымен марапаттады. Сонымен қатар, орталықтың 10 жылдық мерей тойына орай көптеген медбикелер «АМАНАТ» партиясының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, «QAMQOR» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» ҚБ-ің және орталықтың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапаталды.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)