Ақтөбе медициналық орталығындағы мейірбикелердің кәсіби мерекесі
Жыл сайын 12 мамырда - Халықаралық мейірбикелер күні (InternationalNurses Day) аталып өтіледі.
6 мамыр күнікөпсалалы стационар базасында әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің бастамасы бойынша салтанатты жиналыс пен мерекелік концерт ұйымдастырылды, онда медицина орталығының ең үздік мейірбикелері марапатталды, сонымен қатар, Жеңіс күні құрметіне, Отан қорғаушылар Күніне құттықтау сөздер айтылды.
Құттықтау сөзімен бас дәрігер Р.К.Исаев, медициналық директор А.Б.Есенулова, менеджмент сапасы қызметінің жетекшісі З.С.Хайруллина, мейірбикелік қызметтің жетекшісі В.В.Рыбакова құттықтады.Сөз сөйлеушілер орта буынды медицина персоналдарына терең ризашылығы мен алғыс сөздерін білдірді,мейірбикелердің диагностикалық және емдеу процесіне қосқан зор үлесін жоғары бағалап, қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен: 7 мамыр - Отан қорғаушыларКүні және 9 мамыр - Жеңіс Күніменқұттықтады.
Ақтөбе медициналық орталығының орта буынмедицина қызметкерлеріарасындамейірбикелер Күні қарсаңындадәстүрлікәсібишеберлікконкурсы өткізілді.Бекітілген ішкі «Конкурс туралы ережеге» сәйкес орталықтың әрбір бөлімшесінен комиссия 23 үміткерлер арасынан жеңімпаздарды іріктеп алды. Жүлделі орындарға ие болғандар мақтау қағаздарымен марапатталып,төмендегі қызметкерлерге сыйлықтарберілді:
Көпсалалы стационардан: 1 орын – кардиология бөлімшесінің мейірбикесі Төлеген Салтанат,
2 орын – реанимация бөлімшесінің мейірбикесі Төреғали Үкілімай,
3 орын – қабылдау бөлімшесінің мейірбикесіМұратова Гүлшат;
Балалар стационарынан: 1 орын–бет-жақ хирургиясы бөлімшесінің мейірбикесі Кадырова Жания,
2 орын - кардиохирургия бөлімшесінің мейірбикесі Сакыбай Жұлдызай,
3 орын– операциялық мейірбике Жайсанова Динара Канатовна;
Кеңес беру-диагностикалық орталығынан: 1 орын–жалпы тәжірибелі мейірбикеСлабоденюк Елена,
2 орын– травматолог кабинетінің мейірбикесі Бертілеу Мөлдір,
3 орын –күндізгі стационар мейірбикесі Қадырбаева Еркінай.
Салтанатты түрдебасшылық пен кәсіподақ комитеті атынан әрбір үміткерге конкурсқа қатысқаны үшін гүл шоқтары мен грамоталар және 5 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары тапсырылды, 3 орын алған мейірбикелерге 10 000 теңгеден ақшалай сыйақы, 2 – орынға-20 000 теңгеден, байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйақы 30 000 теңгедентапсырылды
Мерекелік шарада ерен еңбегі үшін жоғары бағаланып, бірнешемейірбикелер "Мейірім» медальдарымен марапатталды: көпсалалы стационардан– перзентхана бөлімшесінің аға мейірбикесі Кульмагамбетова Гульмира (еңбек өтілі– 30 жыл), эндокринология бөлімшесінің мейірбикесі Шаманова Ақілгек (еңбек өтілі - 32 жыл), перзентхана бөлімшесінің мейірбикесі Амангосова Тыныштык (еңбек өтілі - 38 жыл);Кеңес беру-диагностикалық орталығынан - кардиолог кабинетініңмейірбикесі Аязбаева Камила (еңбек өтілі- 38 жыл), учаскелік мейірбике Кударова Раиса (еңбек өтілі - 34 жыл); балалар стационарынан -аға мейірбике Сапарова Гулжиян (еңбек өтілі - 35 жыл), хирургия бөлімшесінің аға мейірбикесі Жапарова Айгуль (еңбек өтілі - 35 жыл).Сонымен қатар, жоғары жетістіктері үшін орталықтың 17 мейірбикесі атап өтіліп "Алғыс хат"берілді
Ақтөбе медициналық орталығының басшылығы кәсіподақ комитетінің қолдауымен «Медициналық орталықты дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісі медициналық көмек көрсетуді жақсартуға және орталықтың өркендеуіне үлкен үлесін қосқан қызметкерлерге тапсырылды. Аталған марапатты мейірбикелер Күнін мерекелеу қарсаңында жоғары білікті мейірбикелер алды:Жалниязова Галия, Құрақбаева Жадыра (КДО), Сарбупеева Телек, Тугжанова Нурзия (балалар стационары), Утепбергенова Эмиля, Шигиршибаева Рауза (көпсалалыстационар).
Жүргізушілер Айгерім мен Уәлиқызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады, сондай-ақ орталықтың көркемөнерпаздары дайындаған концерттік қойылымдары көрсетілді.
Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)