Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » "Пациент басты назарда" халықаралық конференциясы

"Пациент басты назарда" халықаралық конференциясы

18 сентябрь 2024, Среда
3
0
Астанада 2024 жылғы 17-18 қыркүйекте ACQH аккредиттеу орталығы ұйымның мерейтойына және Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күніне орай "Пациент - басты назарда" халықаралық конференциясын өткізді. ACQH-15 жыл бойы денсаулық сақтау ұйымдарын кешенді бағалауды ерікті негізде жүргізіп келе жатқан, денсаулық сақтаудағы сапа стандарттарын жақсартуға көмектесетін тәуелсіз ұйым.
 Конференцияға 500-ге жуық қатысушы, оның ішінде сарапшылар, ДДҰ және Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Сербия, Франция, АҚШ, Ресей медициналық ұйымдарының өкілдері медициналық қызметтер сапасы мен пациенттің қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды. Конференцияда спикер ретінде сарапшы А.Б. Есенжулова Ақтөбе медициналық орталығында ұлттық аккредиттеудің үздік тәжірибелерін енгізу тәжірибесі, қауіпсіздік мәдениетін іске асыру нәтижелері, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін ішкі процестерді стандарттау туралы презентациялар жасады.
 Салтанатты жағдайда 200-ден астам аккредиттеу сарапшыларына мерейтойлық медальдар, мүсіншелер және алғыс хаттар табыс етілді. Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін аккредиттеу стандарттарын жетілдіруге қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысының сарапшылары, оның ішінде Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлері "Аккредиттеу кәсіпіне қосқан үлесі үшін" медалімен сапа менеджменті қызметінің басшысы З.С. Хайруллина, бас дәрігердің медициналық бөлім бойынша орынбасары А.Б. Есенжулова марапатталғанын атап өткен жөн "Медициналық қызметтер сапасын жетілдірудің үздік тәжірибесі" номинациясында. 
 
Орталық ұжымын Ұлттық аккредиттеу жүйесін дамытуға қосқан зор үлесін лайықты мараптармен құттықтаймыз.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки