Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығы және Алматы қ. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ынтымақтастығы

Ақтөбе медициналық орталығы және Алматы қ. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ынтымақтастығы

17 май 2018, Четверг
1 384
0

Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар институты мен ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде, Ақтөбе медициналық орталығына интервенциялық кардиологтармен және рентгендік эндоваскулярлық хирургтармен бірлесіп, хирургиялық араласуды жүзеге асыру үшін, аритмология бөлімінің жетекшісі Р.Р.Реквавашақырылды.

Доктор Р. Р. Реквава Ақтөбе медициналық орталығына екінші рет келіп отыр, 2017 жылдың қыркүйегінде медицина кластерінің 1 жылдық қызметіне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында өткеншебер-класына қатысты.

Сапар барысында, 07.05.2018 жылы екі пациентке операция жасалды, интервенциялық араласудың біреуін өзіміздің дәрігерлеріміз орындады, екінші жағдайда — Алматыдан келген қонақ шебер-класын өткізді.

71 жастағы науқасты екі жыл бойы жүрек қағу ақауы мазалаған, жүректің шалыс соғуы, тексеру барысында дилатациялы кардиомиопатияаясында, жүрек ырғағының күрделі бұзылуы анықталды, науқасқа бір камералық кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау жүргізілді.

51 жастағытағы бір науқас,2003 жылдан бастап жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрады, 2010 жылы жүрекше фибрилляциясы анықталған, 2016 жылы өкпе көктамырларының ауыздарының криобаллоналды оқшаулауы жүргізілді, 2018 жылдан бастап тексеру кезінде қарыншалық экстрасистолия анықталды.

Науқастың оң қарыншасының эктопиялық аумағынарадиожиілік аблация орындалды. Қазіргі уақытта, пациенттің бірі қанағаттанарлық жағдайда, ұсынымдарымен тұрғылықты жері бойынша бақылау үшін ауруханадан шығарылды, екіншісінің ауруханадан шығарылуы — жуырда жоспарланған.

Орталық әкімшілігі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры С. Ф. Беркінбаевке ынтымақтастық үшін және аритмология бөлімінің жетекшісі Р.Р. Рекваваға өткізілген шебер-класы үшін алғысын білдіреді.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки