Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕР-КЛАСЫ

КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕР-КЛАСЫ

28 июнь 2018, Четверг
4 970
0

«Бақытты балалық шақ» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, Ақтөбе медициналық орталығының базасында кохлеарлы имплантация бойынша, шетелмамандарыныңқатысуымен,шебер-класс ұйымдастырылды.

Кохлеарлы имплантация — бұл есту протезін қолдану әдісі, электродтар жүйесін ішкі құлағына ендіру, есту нервін электр ынталандыру арқылы аудио ақпаратты қабылдауын қамтамасыз ету. Кохлеарлы имплантация — есту қабілеті ауыр және кереңдігі бар ересектер мен балаларға арналған медициналық-педагогикалық есту қолдауының ең тиімді, қауіпсіз және сенімді оңалту әдісі болып табылады.

Кохлеарлы имплантация — бұлжеке электродтар тізбегінен тұратын белсенді электродты ішкі құлақ иіріміне енгізетін операция, сақталған есту жүйке талшықтарына электродтар тізбегі арқылы кодталған акустикалық ақпаратты беруді қамтамасыз етеді. Кохлеарлық имплантант жалпы анестезиямен, құлақ артының сүйегін тесу арқылы орнатылады. Операцияның ұзақтығы орташа есеппен 1,5-3 сағат. Әрине, науқасқа мұндай операция жасауүшін, қарсы көрсетімі болмауы тиіс. Кохлеарлы имплантант жүйесінің имплантацияланбайтын бөліктері сыртқа сымдармен байланыстырылмайды, оның ешқандай қоректену элементі жоқ және ондаған жылдар бойы сенімді жұмыс істеу үшін арналған.

2018 жылдың 28 маусымында балалар ауруханасында оториноларинголог Реджеп Карамерт пен Түркиядан келген аудиологтардың бригадасы («Gazi Üniversitesi», Анкара қаласы) 4 дәрежелі нейро-сенсорлы құлақ мүкістігі бар 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға кохлеарлы имплантация бойынша 3 хирургиялық араласуды өткізді.


Мұндай операциялар жоғары технологиялық медициналық қызметтер ретінде жіктеледі және негізінен Астана және Алматы қалаларының республикалық клиникаларында жүргізіледі. Бұдан басқа, Түркиядан келген мамандар Ақтөбе балаларына импланттарды одан әрі ұстап тұру және түзету үшін арнайы программатор деген құралынұсынды. Бұл айтарлықтай имплантанттарды пайдалануды жеңілдетеді және балалар отбасы облыстан тыс жерге баруы шектеледі.


Балалар оториноларингологтары мен сурдологтар шебер-класқа белсенді қатысып, шетелдік әріптестердің тәжірибесін алып, операцияларда өз бетінше көмек көрсетті. Балалар үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында, кохлеарлы имплантация операциясын өңірлік деңгейде одан әрі жүргізу жоспарланып отыр.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки