Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Медициналық кластер қызметінің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы

Медициналық кластер қызметінің нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы

14 май 2018, Понедельник
1 219
0

Өңірлік байланыс қызметінің алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиевпен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында 2018 жылдың 4 айындағыАқтөбе медициналық орталығының қызметінің нәтижелерін ұсынылды.


Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында біздің аймақта «Ақтөбе медициналық орталығы» (бұдан әрі — АМО) көп бейінді аурухана кешені құрылды және табысты жұмыс жасайды. Медициналық орталықтың жалпы сыйымдылығы 605 кереует және кеңес беру-диагностикалық орталығы деңгейде бір ауысым- 500 амбулаториялық келушіге қарастырылған. Құрылған Үйлестіру кеңесі арқылы,үйлестіру атқарымы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жүктелді. Медициналық кластердің жетекші тобы-Ақтөбе медициналық орталығы болып табылады.

Ағымдағы2018 жылдың 4 айында ШЖҚ «АМО"МКК-дабарлығы 8 043 пациент ғана емделді, оның ішінде- 5239 пациент ересектер ауруханасында, 2804- балалар ауруханасында, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5% артық. Аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшелерге жатқызылған пациент санының 2 634-не операция жасалған,хирургиялық қызмет белсенділігі 76% құрады (оның ішінде ересектер ауруханасында 1 514 операция жасалды, балалар ауруханасында 1 120 операция жасалды).

2018 жылдың 4 айындағы кеңес беру-диагностикалық көмек 10 400-ден астам пациенттерге көрсетілді, олардың 57% -ы облыстың балаларына жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 300 есе көп. 59100 кеңес беру-диагностикалық қызмет көрсетілді.

Пульмонология, торакльді, балалар лор бөлімшелері мен жақ-бет хирургиясыныңашылуына байланысты 2018 жылдың басынан бастап төсек қорын қайта құру жұмысы жүргізілді: 60 кереуетке ересектер стационарында (380 кереует) және балалар стационарында 13 кереуетке (225 кереует)

Қазіргі уақытта, Орталықтыңкелесі 5 жылға2018 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңінде стратегиялықдаму жоспарын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.Балалар ауруханасы базасында симуляциялық орталық жұмыс істейді, онда қалалық және облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлері оқытылады. Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес қабылдау бөлімі деңгейінде 3H-сұрыптау енгізілді. Көп бейінді ересектер стационарының қабылдау бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініңтриаж-сұрыптау жобасына енгізілді.

МЖӘ шеңберінде Сеул ұлттық университетінің госпиталімен бірлесіп,Check-up диагностикалық кешенді орталығы,GE «Healthcare» компаниясымен бірге Ядролық медицина орталығы және үш қабатты ғимаратта орналастырылатын балалар онкогематологиясы орталығын құру жоспарлануда. Онкогематология орталығында онкогематология аурулардың кешенді диагностикасы жүргізіледі: сүйек кемігін талдау, жұлын сұйықтығының цитологиялық сараптамасы, ағын цитометриясын жүргізу. 2018 жылдың наурыз айында Неміс маман, атақты «Шарите» Берлин клиникасының балалар онколог-дәрігері Гюнтер Хензе балалар онкогологиясының өзекті мәселелері бойынша педиатриялық бейін мамандарымен шебер-класс өткізді.

Ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындық жұмыстары басталды. JCI халықаралық стандарттарына сәйкестігі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Академиялық аккредиттеу орталығының мамандарын тарта отырып, алғашқы бағалау жасалды. Іс жүзінде медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Ақтөбе медициналық орталығының тәжірибесі қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және түзету үшін бастапқы базасы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки