Ақтөбе медициналық орталығында оториноларингология саласындағы жаңа технологияларды енгізу бойынша шеберлік-кластар
2018 жылғың 6 маусымында «Оториноларингологиядағы заманауи тұжырымдармен инновациялықтехнологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары 7 тегін оперативтік араласу жүргізді.
Профессор Левент Начи Озлугоглу және профессор Эрдинч Айдын (Башкент университетінің медициналық орталығының оториноларингология бөлімшесі Анкара қ.) созылмалы іріңді күрделі түрді орташа отиті бар12 жастағы қызға «оссикулотимпанопластика» операциясын және эндоскопиялық бейнелеу әдісін қолданып, көмейдің қатерсіз ісігі бар 46 жастағы пациентке операция жасалды,диагнозы: көмей фибромасы . Айта кету керек, бұл біздің ынтымақтастығымыздың аясында Түркиядан келген мамандардың алғашқы сапары емес,бұрын Башкент университетінің пластикалық хирургі және маммологінің қатысуымен шебер-класс өтті,сондай-ақ Түркияның IT-мамандары біздің орталықпен медициналық қызмет көрсетуді цифрландыру саласында қызмет істейді.
Қазақстандық жетекші отоларингологтар құлақ микрохирургиясы, эндоскопиялық риносинусохирургия бойынша, шебер-классшеңберінде, хирургиялық араласудың жаңа әдістерін қолданып, бес операция жасады.
Ақтөбе дәрігерлері конференц-залда тікелей желі трансляциясы арқылы операцияның барысын мұқият қадағалап отырды.
Медицина ғылымының докторы, профессор Г. А. Мухамадиева (Астана қ.) есту қабілетінің өткізгіш және аралас есту қабілетімен, кереңдігі, созылмалы отиті бар 3 науқасқа оссикулотимпанопластикадағы есту-сауықтыру операцияларын жасады.
Медицина ғылмының докторы, профессор Т. М. Аженов (Астана қ.) мұрын қуысының бірлескен патологиясы аясында қайталанатын полипозбен ауыратын 2 пациентке мұрын қуысы және мұрын жанындағы қойнауларға көрнекі функционалды эндоскопиялық операциялар жасады.
Ғылыми — практикалық конференцияда оториноларингология саласындағы өзекті мәселелер бойынша қызықты презентацияларға онкология және радиология Қаз ҒЗИ-нің медицина ғылымының докторы, профессор Г. Б. Адильбаев (Алматы қ.), «Астана медицина университеті» ҚБ-ніңмедицина ғылымының докторы, профессор Р. И. Розенсон, медицина ғылымының докторы, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оториноларингология кафедрасының жетекшісі, профессор С. Ф. Кудайбергенова (Алматы қ.), № 1 БМЦ (Астана қ.) хирургия бөлімінің меңгерушісі Т. М. Аженов, доктор Ким Джун Тэ (Сунчунянг Университетінің медицина мектебі, Сеул қ.) қатысты.
«Ақтөбе медициналық орталығының» басшылығы конференцияға белсенді қатысып және мастер-класс өткізуге, сондай-ақ облыс тұрғындарына оториноларингологиялық көмек көрсетуді жетілдіруге қосқан баға жетпес үлес үшін, барлық шетелдік және қазақстандық мамандарға одан әрі ғылыми және практикалық іс-әрекеттегі табыстар тілеп,үлкен алғысын білдіреді.