Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » «Сенбі денсаулық үшін» акциясы.

«Сенбі денсаулық үшін» акциясы.

16 февраль 2019, Суббота
1 053
0
«Сенбі денсаулық үшін» облыстық акциясы аясында 16 ақпанда Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы ауруханасының гастро орталығында «Ашық есік күні» өтті. Бұл акцияның бастамашысы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 51 адам тегін тексерілді. На бесплатной основе было осмотрено 51 человек. 29 науқасқа ФГДС жасалды, екі жағдайда асқазанның ойық жаралы ауруы , ал 27 науқаста созылмалы гастрит анықталды. Жүгінгендер арасында тек қала тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Ембі, Қарғалы аудандары тұрғындары да болды. Пациенттер гастроэнтерологтан консультация алды және одан әрі тактика бойынша толық ұсыныс берілді.


Сонымен қатар, Ақтөбе медициналық орталығы «Мобильді кластер» акциясы аясында ауыл тұрғындарының амбулаториялық қабылдауын белсенді түрде жалғастыруда. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың ақпан айының басынан бастап, Алға, Хромтау, Ойыл, Мұғалжар аудандарынан 100-ден астам науқас тиісті мамандардың кеңесін алды.



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки