Халықаралықғылыми-тәжірибелік конференция «Халық денсаулығын қорғау: саясат, ғылым, білім, МСАК-тегі тәжірибе».
2019 жылдың 22 мамыр күні Ақтөбе медициналық орталығында «Халық денсаулығын қорғау: саясат, ғылым, білім, МСАК-тегі тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісі өткізілді.
Конференцияда ҚР Денсалық сақтау министрі Елжан Биртанов медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, ведомство басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»Мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, енгізілгенін еске салды. Мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттары - медициналық-санитарлық алғашқыкөмекті дамыту, жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыру, емханаларда кадрлар жетіспеушілігін төмендету шаралары болып табылады.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде халықты скринингтік бағдарламалармен қамту кеңейтілді, созылмалы ауруларды емдеу бағдарламалары табысты енгізілді. Барлығы 200 мыңнан астам пациент қамтылды, госпитализациялау нәтижесінде 2,5есеге асқыну төмендетілді. МСАК-тің жаңа 165 объектілері құрылды, 1 мыңнан астам дәрігерлік учаскелер ашылды – бұл МСАК дәрігерінің жұмыс көлемін төмендетті. ТМККК шеңберінде МСАК-ті қаржыландыру көлемі 40%дейін жоғарылады. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуді цифрландыру емханалардағы кезекті 2 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Шұғыл көмек көрсету қызметінің сапасын жақсарту мақсатында жаңа стандарттар қабылданды, автотранспорттың редизайны жүргізіліп, олардыңнавигациялық жүйелермен жабдықталуы жақсарды. Нәтижесінде жетудің орташа уақыты 15 минутқа дейін қысқарды. Госпитальға дейінгі өлім-жітім 0,4%-ға дейін азайды депхабарладыминистр. Дәрігерлер жетіспеушілігін азайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет қаржысы есебінен оқытылған түлектерді үш жылдық жұмыспен өтеу міндеттілігі бойынша заңнамаға министрлікпен өзгертулер енгізілді. Елжан Биртанов аймақтық деңгейдегі әкімдіктерге осы саладағы жас мамандарды ұстап қалу жөніндегі шараларды жалғастыруы керек екенін атап өтті.