Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ауыр пневмонияны емдеуде ЭКМО қолдану тәжірибесі.

Ауыр пневмонияны емдеуде ЭКМО қолдану тәжірибесі.

10 август 2020, Понедельник
443
0
Ауыр пневмонияның кешенді қарқынды терапиясында ЭКМО -ЭкстраКорпоралды  МембраналықОксигенация(Extra Corporeal Membrane Oxygenation – ECMO) әдісі қолданылады. Емдеудің бұл әдісі егер пациенттің жүрегі және/немесе өкпесі ауыр патологиялық процестің салдарынан қалыпты жұмыс істей алмаса, жасанды жүрек пен өкпе пациенттің өмірі мен денесінің жұмысына уақытша қолдау көрсету үшін қолданылады, Ақтөбе облысында, Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей, М.Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ МО кардиохирургиялық орталығының қызметкерлері арасынан ЭКМО бригадасы құрылды. Бригада 7 маманнан тұрады, топты кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, ДСБ бас штаттан тыс кардиохирургі, жоғары санатты кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Б.Ж. Касымов басқарады.



29 жастағы науқас Ақтөбе медициналық орталығының провизорлық госпиталіне ауыр жағдайда екі жақты пневмония аясында тыныс алу жеткіліксіздігі құбылыстарымен келіп түсті, аурудың алғашқы белгілері ауруханаға жатқызылғанға дейін екі апта ішінде пайда болды. Стационарда тиісті терапия тағайындалды, бірақ өкпедегі процесс дамыды, пациент өкпені жасанды желдетуге ауыстырылды, бейінді мамандардың консилиумы бар көрсеткіштерді ескере отырып, ЭКМО қолдану туралы шешім қабылдады.
2020 жылдың 13 шілдесінде БҚМУ МО мамандар бригадасы имплантация жүргізіп, веноздық экстракорпоралдық мембраналық оксигенация (ЭКМО-терапия) жүргізуді бастады. Айта кету керек, пациент ӨЖЖ-де болды, өкпенің ауыр зақымдануынан дененің оксигенациясы (сатурация 60% - дан төмен), яғни барлық органдар мен тіндерді оттегімен қамтамасыз ету зардап шекті.
Пациент 16 тәулік бойы ЭКМО-терапиясында болды, бұл ретте зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерінің нәтижелерімен расталған аурудың клиникалық ағымы бойынша оң үрдіс байқалады. Қанның оттегімен жақсы қанығуына қол жеткізілді, сатурация 97-98% құрайды. Пневмонияның кешенді емін жалғастыру үшін пациентті ЭКМО аппаратынан сәтті шығару жүргізілді.
ЭКМО-терапия кезінде пациент реанимациялық бөлімше мен АМО параклиникалық қызметтері қызметкерлерінің толық өзара байланысы кезінде БҚМУ МО дәрігерлері мен мейірбикелері тобының бақылаунда тәулік бойы болды.


Медицина қызметкерлерінің бірлескен үйлесімді жұмысы жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін қамтамасыз етті, ол реаниматолог, пульмонолог, терапевт, орта деңгейдегі қызметкерлердің қатысуымен бейінді бөлімше жағдайында жалғасуда (АРҚТО басшысы Қ.Қ. Ермағамбетов, терапиялық бөлімнің меңгерушісі Б.Т. Ишимова, респираторлық бөлімнің меңгерушісі С.Х. Есекеева, ДБ кафедрасының басшысы Е.Ш. Базарғалиев).
Орталық басшылығы М.Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ МО ЭКМО мамандарының ұжымына ерекше алғыс білдіреді:
Б.Ж. Қасымов– КХО меңгерушісі, ДСБ штаттан тыс бас кардиохирургі, жоғары санат,
м. ғ. к.
А.Н. Аяғанов – зав. кардиореанимации, жоғары санат
А.Р. Алджанова–анестезиолог-реаниматолог-перфузиолог дәрігер, бірінші санат
А.А. Жанкулов – бірінші санатты кардиохирург дәрігер
А.У. Қарсақбаев – кардиохирург-перфузиолог дәрігер
К.С. Құлмағамбетова – жоғары санатты медициналық бикесі
А.Ж. Рахманова – медициналық бикесі.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки