Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Жүрек аритмиясы кезінде криоабляция технологиясын енгізу

Жүрек аритмиясы кезінде криоабляция технологиясын енгізу

21 январь 2023, Суббота
149
0

Ақтөбе медициналық орталығында біздің серіктесіміз «Medtronic» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында жүрек аритмиясын емдеудің заманауи аз инвазивті технологиясы – криоабляция енгізілуде. 21.01.2023 ж. Ақтөбе облысында алғаш рет АМО базасында жүрекшелер фибрилляциясынан зардап шегетін пациенттерге (әйел 67 жаста, ер адамдар 50 жаста және 61 жаста) өкпе веналарының сағаларын криобаллонды оқшаулау (КБИУЛВ) бойынша 3 емшара жүргізілді.

Аталған миниинвазиялық операция біздің орталықтың бейінді мамандарының бригадасы медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ бас штаттан тыс аритмологы А.С.Абдрахмановпен (Астана қ.) бірлесіп жүргізді.

Технология патологиялық импульстерді жүргізу блогын тудыра отырып, миокардтың зақымданған учаскелеріне -80°С дейінгі өте төмен температураның әсері арқылы жүрек аритмияларын емдеудің аз инвазивті катетерлік әдісін қолдануға негізделген. Процедура жергілікті анестезиямен жасалады, операциядан өткен науқас тез қалпына келеді және бірнеше күннен кейін үйіне шығарылады. КБИУЛВ жүрекшефибрилляциясын емдеудің ең тиімді және қауіпсіз әдістерінің бірі. Айта кету керек, жүрекырғағының бұзылуы көбінесе инсульт, аяқ-қол тамырларының тромбозы, іш қуысы, ХСНсияқты ауыр асқынулардың дамуына әкеледі. Алдағы уақытта өңір халқына қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру, өмірге қауіп төндіретін жағдайдың даму қаупін азайту, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін күнделікті тәжірибеде криоабляцияны кеңінен қолдану жоспарлануда.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки