Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » «Оториноларингологиядағы заманауи тұжырымдамалар мен инновациялық технологиялар» атты халықаралық қатысуымен оториноларингологтардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Оториноларингологиядағы заманауи тұжырымдамалар мен инновациялық технологиялар» атты халықаралық қатысуымен оториноларингологтардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы

07 июнь 2018, Четверг
1 020
0

Ақтөбе қаласында алғаш рет 2018 жылдың 6-7 маусымы күні «Оториноларингологиядағы заманауи тұжырымдамалар мен инновациялық технологиялар» атты халықаралық қатысуымен оториноларингологтардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: алыс және жақын шет елдер (Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) мамандары арасында, оториноларингология саласындағы инновациялық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу.


Конференцияұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Ақтөбе медициналық орталығы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, ҚР оториноларингологтар Ассоциациясы.


Ғылыми-тәжірибелік конференциясының салтанатты ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Б. М. Сапарбаев қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде, ол халықаралық ынтымақтастықтың өзектілігін және маңыздылығын атады, конференцияға қатысқан шетелдік және отандық қонақтарға алғысын білдіріп, қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі. Сонымен бірге Б. М. Сапарбаев: «Біздің шетелдік достарымыз бұқаралық ақпарат құралдарынан Қазақстанның саясатының басты ұраны — алдымен экономика, содан кейін саясат екенін біледі. Біз Президенттің тапсырмаларын орындаймыз, сондықтан көптеген медициналық мекемелерді салуға тырысамыз. Осы мақсатта Үкіметпен біріге медициналық кластер құрылды. Біздің басты міндетіміз — ғимаратты, жабдықтардыбарынша және тиімді пайдалану… қызметкерлердің біліктілігін көтеру. Біз шетелдік мамандарды шеберлік-кластарды, дөңгелек үстелдерді және осындай ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу үшін шақыруға дайынбыз. Біз соңғы жылдар тәжірибесінен, бұл өте тиімді және нәтижесін беретінін білеміз». Облыс басшысы, шетелдік сарапшыларға, Ақтөбе дәрігерлерімен тәжірибе алмасуға, практикалық көмек көрсетуге және өңір тұрғындарына күрделі операцияларды жүргізгендері үшін алғысын білдірді.

6 маусымда, конференция аясында конференц-залда, қонақтардың қатысуымен 7 оперативтімастер-класы онлайн-көрсетілім арқылы бейінді мамандарға өткізілді.

Облысымыздағы оториноларингологиялық қызметтің дамуына ерекше үлес қосқан денсаулық сақтау ардагерлері көңілден тыс қалмады. Ақтөбе облысының әкімі Б. М. Сапарбаев 1961 жылдан бастап, Ақтөбе облысындағы оториноларингологияжәне ЛОР ауруларыкафедрасының негізін қалаушыларынаалғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табыс етті: профессор В.П. Григорьевқа, ЛОР-бөлімінің бірінші меңгерушісі Г.Ф. Лашинаға, оториноларинголог дәрігерлері — Г. М. Середенко, Н. С. Карымсакова, Э. Б. Игликова, К. Б. Утарбаева, С. Ж. Рахиеваға.


Ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша, делегаттар ересектер мен балаларға арналған жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу арқылы, оториноларингологиялық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру туралы шешім қабылдады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки