Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе медициналық орталығындағы Наурыз мерекесін тойлау

Ақтөбе медициналық орталығындағы Наурыз мерекесін тойлау

19 март 2019, Вторник
769
0

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, көктем мерекесі.Ақтөбе медициналық орталығының ұжымы «Наурыз» мерекесін дәстүрлі түрде атап өтеді, биылғы жылы мерекелік шараны ерекше өткізуге шешім қабылданды. Облыстық аурухана ашылғаннан бері және медициналық орталық құрылғаннан бастап алғаш рет көпсалалы стационардың ауласында мерекелік киіз үй тігіліп, түрлі ұлттық тағамдармен дастархан жайылды.




Кәсіподақ комитеті (төрайымы-Агзамова С.Ж.) медицина орталығы әкімшілігінің бастамасы мен қолдауы бойынша мерекелік концерт ұйымдастырды, балалар және ересектер стационарының, кеңес беру-диагностикалық орталығының қызметкерлері ұлттық дәстүрлерді-"қыз-узату", "беташар", "тұсау кесу" көрсетті.




Мерекелік шараны ұйымдастырушылар мекеменің үздік қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады, орталықтың 68 бөлімшесі сыйлыққа шай-құрал сыйлығын алды, белсенді қатысқаны үшін орталықтың мекемелері ақшалай көтермеленді, шараға қатысушылар даназардан тыс қалмады - орталықтың қызметкерлері ұлттық нақыштағы үздік костюмдері үшін құнды сыйлықтармен марапатталды.




Орталықтың ұжымы Ақтөбе облысының провизорлары мен дәрігерлері Қауымдастығының президенті Р.Б.Истлеуованың және «Сенім» кәсіподақ мекемесінің басшысы К.К.Сабырдың құттықтауын қабыл алды.




Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки