Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Провизорлы стационар дәрігерлерін марапаттау.

Провизорлы стационар дәрігерлерін марапаттау.

01 июль 2020, Среда
539
0
Ақтөбе медициналық орталығының АРИТО жетекшісі Ермағамбетов Камалхан Қуанұлы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды. Марапатты Орталық бас дәрігері Р.К.Исаев табыстады. Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігері Ермагамбетов К.К. өз ісінің маманы, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды, әріптестерінің арасында үлкен құрмет пен беделге ие. Пандемия кезінде жетекшіліктегіндегі реаниматологтар тобы кәсіби борышқа адалдықты, өз міндеттеріне тиянақтылығын көрсетуде. Біз Камалхан Қуанұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Беделді, жоғары білікті дәрігер Ағзамова Светлана Жолдасқызы көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне триаж жүйесін енгізу процесіне белсенді қатысты, орталық қызметкерлерінің бірауызды қолдауымен кәсіподақ комитетінің төрайымы болып тағайындалды. Қазіргі уақытта пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметің басқарады. Орталық бас дәрігері Исаев Р.К. "SENIM" "Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан "Үздік" төбелгісін тапсырды. Құттықтаймыз, жұмысыңызға сәттілік!
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки