Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Түркия делегациясының сапары

Түркия делегациясының сапары

16 октябрь 2018, Вторник
808
0

2018 жылдың 16 қазанында Ақтөбе медициналық орталығына «Башкент университетінің» (Түркия, Анкара) өкілдерінің делегациясы келді. Делегация құрамында: Prof. Dr. Ali Haberal -"Башкент университетінің"ректоры, Prof. Abdülkadir Varoğlu — проректор және дәрігер Dr. Murat Muratoğlu.

Кездесу барысында Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері, м.ғ.д. Р. К. Исаев: «Біз екінші жыл қатарынан „Башкент Университетімен“ бірге жұмыс істейміз. Осы кезеңде 12 медициналық қызметкер Анкарада қаласындағы университеттік аурухана базасында оқыды. Жоғары технологиялар трансферті аясында орталықтың ауруханаларында практикалық тәжірибе алмасып, 36 операция жасалды, оның ішінде балаларға кохлеарлы имплантация және отоларингология операциялары. Көпсалалы және балалар ауруханаларының қабылдау бөлімдерінде триаж жүйесі енгізілді», — деп атап өтті.

Қонақтар орталық бөлімшелерінде болды, операциялық блоктің, реанимация қызметінің жұмысымен, қабылдау бөлім деңгейіндегі триаж-сұрыптауды енгізудің нәтижелерімен танысты. Өз кезегінде делегация жетекшісі Prof. Dr. Ali Haberal: «Орталық адамдық ресурстарға және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін тиісті жабдыққа ие, жақынарада клиникалардың өз ара әрекеттестігі үшін көптеген мүмкіндіктер бар», — деп атап өтті.


Ақтөбе медициналық орталығының басшылығы «Башкент университетіне» ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіреді және орталық қызметкерлері біздің облыстың тұрғындарына медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін халықаралық байланыстарды одан әрі дамытуға сенімді.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки