Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Перзентхана жаңалықтары!

Перзентхана жаңалықтары!

27 декабрь 2017, Среда
1 326
0

Әрбір отбасына баланың тууы- бақытты сәт болып табылады. Ақтөбе медициналық орталығы перзентханасының медицина қызметкерлері босану кезіндегі игілікті ортаны қалыптастыру, акушериядағы барлық ықтимал қауіптерді барынша азайту үшін үлкен күш-жігерін жұмсайды.

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерекесі күні біздің перзентханада 13 бала дүниеге келді, оның ішінде 6 ұл, 7 қыз. Екі жағдайда босану хирургиялық араласу көмегімен жүзеге асырылды. Барлық ана мен нәрестелер өзін қанағаттанарлық сезінеді.

Бұл күні Баспаевтар отбасында төртінші бала дүниеге келді. Бұл жерде босанған әйел митральді жүрек ақауымен зардап шегетінін атап өткен жөн, жүрек патологиясы аясында сау бала туу –жүктілік пен босану кезінде медицина қызметкерлерінің жеткілікті түрде бақылауына байланысты.

Мереке күндерінде кезекші ауысымда күнделікті тәжірибеде жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсететін, қауіпсіз аналық қағидаттарына сәйкес нәресте мен анаға дұрыс күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыс істеді.

Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки