Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » “Сұлу қыз” және “Сырлы жеңге” сайысы

“Сұлу қыз” және “Сырлы жеңге” сайысы

05 март 2022, Суббота
341
0
8 наурыз қарсаңында әкімшілік ұсынысымен кәсіподақ ұйымының қолдауымен Ақтөбе медициналық орталығында “Сұлу қыз” және “Сырлы жеңге” сайысы өткізілді. Сайыс бағдарламасы ән шашуларға, көрініс қойылымдарға, ұлттық тағамдарға, қол өнер бұйымдарына толы болды. “Сұлу қыз” номинациясы бойынша 3 қатысушы, “Сырлы жеңге” номинациясы бойынша 3 қатысушы болды.


Қатысушыларымыздың өнерін БҚМУ кафедраларының жетекшілері және орталығымыздың әкімшілік бөлім жетекшілерінен құралған әділ қазылар алқасы бағалады.
Сайыс қатысушыларын жанкүйерлері белсенді қолдап, зал керемет көңіл күймен толды.
Сайыс қатысушыларының көрсеткен өнерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, биік белестерді жеңіспен бағындыруларыңызға тілектеспіз.



Жеңімпаздарға және қатысушыларымыздың барлығына сыйлықтар табыс етілді: Бас жүлде - Алигулова Мира (респираторлық медицина және аллергология бөлімі мейірбике) - санаторлы-курортты емге жолдама, 1 орын - Утепкалиева Жазира (босану бөлімі инфекциялық қызмет маманы) - 50 000 теңге, 2 орын - Аралбаева Сандуғаш (нейрохирургия бөлімі кіші қызметкер) - 30 000 теңге, 3 орын - Барлыбаева Нургуль (шұғыл хирургия бөлімі мейірбике) - 15 000 теңге және сыйлықтар. Жеңістеріңіз құтты болсын! Мерекелеріңізбен!


Обсудить

Читайте также:

Жаңа жылдық мереке
30 декабрь 2021, Четверг
Жаңа жылдық мереке
Құрылым
07 февраль 2018, Среда
Құрылым
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки