Персоналмен жұмыс
Ақтөбе медициналық орталығының персоналды басқару қызметі күнделікті практикада қызметкерлерге келесі өзекті мәселелер бойынша нұсқаулық өткізеді: еңбек тәртібін және ішкі тәртіпті сақтау, өртке қарсы қауіпсіздік, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасы, корпоративтік этиканы, қызметтік құпияны сақтау. Бұл ретте персоналды оқытудың әртүрлі форматтары пайдаланылады: жұмысқа жаңадан келген адамдармен алғашқы нұсқама, қызметкер лауазымына енгізу Бағдарламасы, бөлімшелер басшыларының қатысуымен семинарлар, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама, белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің қаражаты есебінен біліктілікті арттыру.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген процестердің сапасына мониторинг жүргізу қызметкерлерді сауалнама, тестілеу, аттестаттау, артықшылықтар мен құзыреттерді бекіту, қызметкердің ішкі индикаторлар бойынша жұмысының нәтижелілігін жыл сайын бағалау жолымен жүзеге асырылады.
Қызметкерлердің этикалық мінез-құлық нормаларының сақталуын бақылауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларға ерекше назар аударылады. Кезекті семинар 2022жылғы 7 сәуірде персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Ш.Ибраевамедициналық қызметкерлердің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кәсіби жауапкершілігі, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі, пациенттердің құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері мен аға мейірбикелерінің қатысуымен өткізді.