Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Тәжірибе алмасу бойынша әріптестердің сапары

Тәжірибе алмасу бойынша әріптестердің сапары

27 июль 2022, Среда
241
0

2022 жылғы 26-27 шілдеде Ақтөбе медициналық орталығына Облыстық клиникалық аурухананың және профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы Көпсалалы аурухананың (Қарағанды қаласы) қызметкерлері келді. Сапар ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында СКБ ШЖҚ КМК басшылығының бастамасымен және ШЖҚ АМО МКК әкімшілігінің қолдауымен өтті. Біздің орталықта 2018 жылдан бастап дәрілік қауіпсіздікті, ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды дербестендірілген есепке алу технологиялары енгізілді, практикада бұл жұмыстың оң фармакоэкономикалық әсері расталады.



Қарағанды қаласынан келген қонақтар делегациясының құрамында облыстық клиникалық аурухананың өкілдері: ШарияздановаК.С.-ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Мауиенова А. Р. - жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, Ким Н. А. - ақпараттық-талдау орталығының бастығы, Мусин А. К. - ақпараттық-талдау орталығының маманы, Алькенов М.Д. -клиникалық фармация бөлімінің меңгерушісі және профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы Көпсалалы аурухананың қызметкерлері.: М.И.Көпбаева-директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары; Б.О.Абилова - ұйымдастыру - әдістемелік бөлімінің басшысы.

ӘріптестерАқтөбемедициналық орталығыбөлімшелерінің жұмысымен зорқызығушылықпен танысып, Госпитальдық фармация бөлімшесінің, дәріхананың, оперблоктың,анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің, перзентхана бөлімінің, қабылдау бөлімшесінің, инсульт орталығының, жоспарлы хирургия бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті. Медицина мұражайына барып, аймақтық денсаулық сақтау жетістіктерімен танысты. Достық жағдайда көпсалалы стационар қызметінің өзекті мәселелері талқыланды, өзара түсіністікпен«бір толқында» сөйлесті. Аталған сапар-бұл одан әрі өзара ынтымақтастықтың бастауы.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки