Check-up орталығының құрылысы
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыстық мәслихат депутаттарымен бірге Ақтөбе қаласын аралау кезінде Check-up орталығының құрылыс алаңына барды. Кешенді диагностикалық Check-up орталығының жобасын іске асыру 2018 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында басталды. Әр түрлі себептерге байланысты құрылыс 4 жылға тоқтатылды. Биылғы жылы өңір басшылығының қолдауымен құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданды.
«Ауруларды ерте және уақытылы диагностикалау, сауықтыру мәселелері өңір үшін де, жалпы ел үшін де өзекті болып қала береді. Жоба өте маңызды. Халықтың денсаулығын кешенді бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкес келетін бұл орталық тек ақтөбеліктерге ғана емес, Қызылорда облысының, бүкіл батыс өңірінің тұрғындарына да көмектеседі», - деп атап өтті облыс әкімі. Биыл күзде инвестор «L-Groop» компаниясы бірегей нысанды тапсыруға уәде берді, заманауи жабдықтарды жабдықтау және орнату 2024 жылдың басында аяқталады.