Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбындағы семинар
2023 жылдың 23.06-да “Бір пара, екі қылмыскер” тақырыбындағы өткен іс шараның мақсаты: Мекеме қызметкерлеріне “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Баяндама жасаған комплаенс-офицер Нурмагамбетов Ильяс.
Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.Обсудить
Читайте также:
Комментарии (0)