Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Күнделікті тәжірибедегі интервенциялық әрекеттер

Күнделікті тәжірибедегі интервенциялық әрекеттер

24 июнь 2023, Суббота
158
0

2023 жылғы 24 маусымда Ақтөбе медициналық орталығы базасында 5 пациентке өкпе веналарының сағаларын криобаллонды оқшаулау жүргізілді. Бұл технология салқындатқыш заттың көмегімен жүрекшелер фибрилляциясы бар науқастарды емдеудің минималды инвазивті әдісіне жатады. Пациенттердің жасы 45тен 60жасқа дейін болды, оның ішінде артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы аясында жүрек ырғағының өмірге қауіп төндіретін бұзылыстарынан зардап шегетін екі әйел және үш ер адам.

C:\Users\Пользователь4\Desktop\1.jpg


Операциялар медицина ғылымдарының докторы, ҚР ПІБ БМО аритмология орталығының басшысы, Қазақстандық аритмологтар қоғамының президенті, ҚР ДСМ штаттан тыс бас аритмологы А.С.Абдрахмановтың және Ақтөбе медициналық орталығының бейінді мамандарының: аритмолог-дәрігер, интервенциялық кардиолог Б.Х.Хамидулла, рентгеноваскулярлық хирург М.Г.Газизовтың, эндоваскулярлық хирург А.Ж.Таумовтың жетекшілігімен ангиографиялық зертхана персоналдары реаниматолог-дәрігерлер У.Б.Басмагамбетов, А.А.Әмзеевтің қатысуымен жүргізілді. Пациенттер кардиологиялық бөлімшесінде бақылауды жалғастыруда (кардиология бөлімшесінің меңгерушісі – Ж.С.Бекжанова).

C:\Users\Пользователь4\Desktop\2.jpg


Айта кету керек, бұл операциялар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілді және емделген жағдайға жұмсалған шығындардың орташа құны шамамен                       3 миллион теңгені құрайды. Операция алдындағы дайындық, шығын материалдарының болуы және жабдықтардың дайындығы, интервенциялық әрекеттерді сәтті жүргізу, операциядан кейінгі сапалы күтім орталық қызметінің негізгі аспектілері болып табылады, біздің пациенттерді емдеудің қолайлы нәтижесі дәрігерлік, орта және кіші медициналық персоналдың топтық жұмысының нәтижесі болып табылады.

 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки