Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Дүниежүзілік Инсультпен күресу күні

Дүниежүзілік Инсультпен күресу күні

27 октябрь 2023, Пятница
89
0

Ақтөбе медициналық орталығының инсульт бөлімінің қызметкерлерімен Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында 2023 жылғы 27 қазанда инсульт орталығының меңгерушісі Серікова Н.Қ. қатысуымен Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде онлайн-кеңес ұйымдастырылды және невропатолог Муздыбаева А.Г. “Сұрақ-жауап” форматында 100-ден астам адам инсультті диагностикалау және емдеу әдістері, сондай-ақ алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат алды. Осы акция аясында Инсульт мектебінде науқастар мен қызметкерлерге сабақ өткізілді, кіріспе сөзінде СМЖ басшысы Хайруллина 3.С. мәселенің өзектілігін және халык арасында инсульт ауруының көбеюін атап өтті.
 
Акция аясында инсульт мектебінде науқастар мен қызметкерлерге сабақ өткізіліп, невропатолог Р.С.Мақамбетова инсульт белгілері, дер кезінде диагностикасы, емдеу әдістері және инсультпен ауыратын науқастарды күту бойынша баяндамалар жасады және аға медбике Аманкулова М.Г., инсульттің біріншілік және қайталама профилактикасы, жедел ми қан айналымы бұзылыстарында ерте реабилитация туралы бейнероликтер көрсетілді.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки