Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Инсульт мектебіндегі сабақ.

Инсульт мектебіндегі сабақ.

10 апрель 2019, Среда
1 157
0


Ақтөбе медициналық орталығының көп бейінді стационарында тұрақты негізде әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау, емдеу және оңалтудың әртүрлі өзекті мәселелері бойынша пациенттермен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Инсульт орталығының базасында(ИО меңгерушісі - Серикова Н.К.) ағымдағы жылдың 10 сәуір күні инсульт Мектебінде неврологиялық бейіндегі пациенттерге арналған кезекті сабақ өткізілді.




Инсульт орталығының аға мейірбикесі Т. Бабагалиеваның жетекшілігімен орта буынды медицина қызметкерлері мидың қан айналымының өткір бұзылуы белгілерін ерте анықтау, пациенттерді күту ережелері және геморрагиялық инсульт кезінде оңалту тәртібі туралы пациенттерді оқыту сабағы жүргізілді.



Инсульт орталығының күнделікті жұмыс практикасына Денсаулық мектебін енгізу салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді, сондай-ақ науқастарды және олардың туыстарын инсульттік күтім тактикасы туралы хабардар етуге, пациенттердің ерте және кейінгі оңалту кезеңінде нашарлау белгілерін ерте анықтауға мүмкіндік береді, бұл пациенттердің өмірсүру сапасын жақсартып, аурудың жағымды нәтижесіне қол жеткізеді.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки