Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығының көп бейінді стационарының базасы негізіндегі Инсульт мектебі

Ақтөбе медициналық орталығының көп бейінді стационарының базасы негізіндегі Инсульт мектебі

16 январь 2019, Среда
953
0

Ақтөбе медициналық орталығы құрамында екі жыл бойы 30кереуеттік Инсульт орталығы жұмыс істейді. Инсульттің алғашқы белгілері туралы, оның алдын алу, сондай-ақ ми қан айналымының өткіржағдайларын емдеу, оңалту, алғашқы көмек көрсету бойынша пациенттердің хабардар болуын арттыру мақсатында, 2017 жылдың 27 қазанында көп бейінді аурухана базасында Инсульт мектебі ұйымдастырылған.Мектептің негізгі мақсатыхалықты өткір ми қан айналымы бұзылуының алдын алу туралы хабардар ету, инсультке шалдыққанпациенттерді жаңа ортаға бейімдеу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту, мүгедектікті төмендету болып табылады.


Инсульт орталығының медицина қызметкерлеріпациентержәне олардың туыстарымен белсенді сабақ жүргізеді, инсульт мектебі құрылғалы 648 пациент оқытылды. Мектептегі сабақтарды невролог дәрігерлер, логопед, ЕДШ дәрігері, психолог, медбикелер жүргізеді. Оқу үшін көрнекі құралдар - буклеттер,кітапшалар пайдалынылады, бейнематериалдар көрсетіледі.


9 және 16қаңтардаИнсульт мектебінде сабақтар өткізілді, медицинақызметкерлеріпациентергегеморрагиялық инсульттің себептері мен көріністері туралы, алғашқы көмек көрсету ережелері мен геморрагиялық инсульттан кейін оңалту шаралары туралысабақ берді.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки