Сапа бойынша пилоттық жобаларды іске асыру
21.12-22.12.23ж. адам қауіпсіздігі институтымен ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлерін SOS emergency connection пилоттық жобасын енгізу және медициналық инциденттерді басқару бойынша оқыту жүргізілуде. SOS emergency connection іске асырылуы тасымалдау процесінің сапалы мониторингіне және ми қан айналымының жіті бұзылуына шұғыл көмек көрсету үшін инсульт орталығының невропатологтары мен жедел жәрдем бригадалары арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етеді.
Бұл ретте мынадай индикаторларды қадағалау жоспарлануда: жедел жәрдем бригадасының шақыруын алған және инсультпен ауыратын науқасқа жеткен сәттен бастап уақыт, үйден стационарға тасымалдау уақыты, бұдан әрі инсульт орталығы деңгейіндегі көрсеткіштерді ескере отырып, тромболитикалық терапияның басталу уақыты. Біздің серіктесіміздің арқасында орталықта медициналық және медициналық емес персонал деңгейінде инциденттерді есепке алудың толық құпиялылығы мен анонимділігі сақтала отырып, аналитикалық есептерді автоматты режимде қалыптастыра отырып, электрондық форматта медициналық инциденттерді тіркеу және есепке алу жүйесі іске қосылады.
Сонымен қатар, қонақтар 2018 жылдан бастап қолданыстағы ресурс үнемдеу технологиясы – дәрі-дәрмектерді дербестендірілген есепке алу негізінде қорларды басқару процестерімен танысты. Орталық басшылығы компания директоры В. В. Балбачанға, менеджерлер Н. Мұхамедалиевке және А. Ш. Кадимге үлкен алғысын білдіреді.