Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Жаңа жылдық құттықтаулар

Жаңа жылдық құттықтаулар

28 декабрь 2023, Четверг
21
0



Ақтөбе медициналық орталығы әкімшілігінің бастамасымен кәсіподақ комитетімен бірлесіп "Жылдың үздік дәрігері" және "Жылдың үздік медбикесі" конкурсы ұйымдастырылды. Үміткерлерді комиссиялық қарау және талқылау кезінде қызметкердің клиниканы дамытуға қосқан үлесі, жұмыс сапасын бағалау нәтижелері, кәсіби қызмет қорытындылары ескерілді. Байқау жеңімпаздары арнайы әзірленген мүсіншелермен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

                             

                                                                       

Марапаттау салтанатты жағдайда өтті. "Жыл адамы-2023" (жылдың үздік дәрігері) атағына жоғары санатты хирург-дәрігер, шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сағындықов Талғат Сағынғалиұлы ие болды.

"Жыл адамы-2023" (жылдың Үздік медбикесі) атағын респираторлық медицина және аллергология бөлімінің аға медбикесі Сейтқалиева Қапия Шакиқызы жеңіп алды.


Жыл қорытындысы бойынша қызметкерлерді көтермелеу мақсатында жаңа жыл қарсаңында ұжымда түрлі номинациялар бойынша үздік қызметкерлерді таңдау үшін электрондық форматта дауыс беру өткізілді.

Әріптестердің пікірінше, жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлық сертификаттары табысталды. Дәрігерлер арасында: «Өз ісінің маманы» - жетекшісі К.К. Ермағамбетов, «Ең креативті қызметкер» - кардиологиялық бөлімшенің меңгерушісі Ж.С. Бекжанова, «Ең мейірімді қызметкер» - тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Б. К. Жаңабаев. Медбикелер арасында: «Өз ісінің маманы» - реанимациялық қызметтің аға медбикесі А.С. Саргузина «Ең мейірімді қызметкер» - терапия бөлімшесінің аға медбикесі М.К. Ильясова «Ең креативті қызметкер» - патология бөлімшесінің аға медбикесі Б. А. Кубатаева.

Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлерініің балаларына арнап кәсіподақ ұйымы Өнер орталығында жаңа жылдық шыршасын ұйымдастырды. Балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесіне 200-ден астам қызметкерлердің балалары қатысты.

Белсенді қатысқан балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті. Ақтөбе медициналық орталықтың қызметкерлеріне, барлығы 735 жаңа жылдық тәтті сыйлықтар таратылды.

Әріптестер алдағы Жаңа Жылмен және алынған ынталандырулармен құттықтаймыз.


Обсудить

Читайте также:

Мейірбикелер күні
12 май 2023, Пятница
Мейірбикелер күні
Жаңа жылдық байқау
27 декабрь 2022, Вторник
Жаңа жылдық байқау
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки