Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Ақтөбе медициналық орталығының 10 жылдығына арналған мерейтойлық марапаттар

Ақтөбе медициналық орталығының 10 жылдығына арналған мерейтойлық марапаттар

14 июнь 2024, Пятница
62
0
Ақтөбе медициналық орталығының қызметіне белсенді қатысатын қызметкерлерді адал еңбегі және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға қосқан баға жетпес үлесі үшін, 10 жылдығын мерекелеу құрметіне аурухананың имиджін арттыруға қосқан зор үлесі үшін көтермелеу мақсатында клиника басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп марапаттау туралы ережені бекітті. 
 Жеке жоба бойынша 50 мерейтойлық медаль және 35 мерейтойлық мүсіншелер әзірленіп, дайындалды. Мерейтойлық медальдің алдыңғы жағында  орталықтың логотипі, екінші жағында - біздің ұжымының құндылықтары бейнеленген «Мейірімділік. Білім. Инновация». 
 Мерейтойлық мүсіншелерде логотип және алтын тұғырдағы арнайы жазу жасалған «Инновацияларды дамытуға және енгізуге қосқан үлесі үшін 10 жылдығына орай». 10 жылдығына орай орталық әкімшілігінің атынан мерейтойлық Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар әзірленді. 
 Қызметкерлердің кандидатуралары құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері мен аға медбикелерінің өтініштерін ескере отырып, басшылықтың, кадр қызметінің, кәсіподақ комитетінің, сапа менеджменті қызметінің қатысуымен алқалы шешіммен қаралды. 
 Медициналық және медициналық емес персоналды марапаттау салтанатты жағдайда 2024 жылғы 12 маусымда кәсіби мереке қарсаңында өткізілді, қызметкерлерге орталықтың логотипі бейнеленген шоколадтар жеке табыс етілді. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки