Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Мониторингтік топтың сапары

Мониторингтік топтың сапары

26 август 2024, Понедельник
20
0
26 тамыз 2024ж. Ақтөбе медициналық орталығында  құрамында облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік комиссияның төрайымы А.А. Дюсенова, ҚБ «Денсаулық сақтау саласы ардагерлер кеңесі» төрағасы Р.Р. Рахиев,  6 қалалық емхана  бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Е.Е. Демегенов, штаттан тыс бас медбике Б.Ә. Ділманова қатысуымен  мониторингтік топтың сапары өтті. 
 Айта кету керек, облыстық мәслихаттың бастамасымен және денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін бағалау мақсатында қалалық және аудандық медициналық ұйымдарды аралау үшін мониторингтік топтар құрылды.
 Мониторинг тобының мүшелері  бас дәрігердің м.а. Қ.Қ. Жетібаев, қызмет жетекшілерімен бірге аурухананың госпитальдық фармация бөлімінің жұмысымен танысып, орталығымыздың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы толық статистикалық есеп ұсынылды. Сапар барысында ағымдағы жұмыс бағыттары мен қаржыландыру, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, қымбат тұратын құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, кадрлармен қамтамасыз ету, қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланудың проблемалық мәселелері талқыланды.
 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки