Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » Инсультпен күрес күніне орай, 2025 жылғы 29 қазанда Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ұйымдастыруымен инсультті ерте анықтау, емдеу

Инсультпен күрес күніне орай, 2025 жылғы 29 қазанда Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ұйымдастыруымен инсультті ерте анықтау, емдеу

05 декабрь 2025, Пятница
6
0
Инсультпен күрес күніне орай, 2025 жылғы 29 қазанда Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ұйымдастыруымен инсультті ерте анықтау, емдеу және оңалту мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – медициналық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи білім мен тәжірибе алмасу арқылы инсультке шалдыққан науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту.
Конференцияның спикерлері ретінде неврология және нейрохирургия саласындағы жетекші мамандар сөз сөйледі: ANGELS бастамасының халықаралық ассистенті Лев Преступюк, Астана қалалық ауруханасының нейрохирургы Кунакбаев А., №1 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі Шарафутдинов А.Х., «Дару» медицина орталығының неврология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к. Қонысова А.Ж., емдеу ісі жөніндегі орынбасар Серикова Н.К., невролог Макамбетова Р.С. және облыстың бас неврологы Урашева Ж.У.
Конференция барысында қазіргі неврологияның өзекті бағыттары бойынша баяндамалар ұсынылды:
— инсульттен кейінгі ерте және кеш оңалту, қозғалыс функцияларын қалпына келтірудің заманауи тәсілдері;
— соңғы алты жылдағы нейрохирургиялық белсенділік және жаңа технологияларды енгізу мүмкіндіктері;
— «Stroke код» жобасы аясында пациенттерді маршрутизациялау тәжірибесі;
— Фабри ауруының алғашқы белгілерін тану;
— инсульттің ерте белгілерін анықтау және неврологтар үшін RES-Q цифрлық платформасын қолдану тәжірибесі.
Конференцияға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары Есенжулова А.Б. мен Хайруллина З.С. қатысып, инсультке қарсы күресте жүйелі тәсіл мен мамандар арасындағы үйлесімді әрекеттің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара “Body Intract” атты практикалық мастер-классымен қорытындыланды. Онда жас мамандарға тромболитикалық терапияны және инсульт кезінде жедел көмек көрсетудің өзекті әдістерін меңгерту бойынша онлайн-оқыту жүргізілді.

https://www.instagram.com/reel/DQbEjKeDBUp/?igsh=MzhleTNyNTc0eWo4
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки