Справочная
8 (713 2) 53-42-65

» » ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ - ҮНІДЕ АСҚАҚ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ - ҮНІДЕ АСҚАҚ

05 декабрь 2025, Пятница
5
0
Бүгін, Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының үлкен конференц залында 25-қазан - Республика күніне орай әкімшіліктің қолдауымен, кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Мерекеге орай зал түрлі түсті шарлармен безендірілген, стол үстіне марапатар түрлері ретімен қойылып, ЛЭД экранда "ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ - ҮНІ АСҚАҚ" ұраныды сөзбен шара тақырыбы жазылған. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнымен басталып, алғашқы құттықтау сөз және марапаттау үшін кәсіпорын басшысы Қ.Қ.Жетібаевқа берілді. Басшы мерекенің маңызы мен ерекшелігіне тоқталып сөз сөйлеп марапаттар тапсырды.

Құттықтау сөз алған аурухана басшысының орынбасары Серикова Нұрбақыт Қартжанқызы мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.А.Көптілеуов өз кезегінде әріптестерін мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін жалғастырды.
Марапат кезегінде бірінші "Денсаулық сақтау ісінің үздігі - 2025" Республикалық байқаудың 3 номинация бойынша жеңімпаздарынан бастады.

"Мінсіз қызметі үшін" орденімен және дипломмен дәрігер-терапевт Қанназарова Шолпан Серіқызы, "Үздік медицина қызметкері" төс белгісімен және дипломмен дәрігер-невролог Макамбетова Раушан Сериковна, "Үздік жас медицина қызметкері" төс белгісімен және дипломмен дәрігер-неонатолог Амантаев Мейрамбек Амангелдіұлы марапатталды.

"2025 жыл-Еңбек адамы жылына" орай 3 қызметкер "ҮЗДІК ЕҢБЕККЕР-2025" арнайы статуэтка және дипломмен, 4 қызметкер облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, 3 қызметкер облыстық мәслихат төрағасының, 5 қызметкер облыстық денсаулық сақтау басқармасының, 5 қызметкер Астана ауданын әкімінің, 5 қызметкер "QAMQOR" Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы" ҚБ-ің, 3 қызметкер қалалық "Қазақ тілі" қоғамының, 6 қызметкер облыстық көпсалалы ауруханасының Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Гүл шоқтары қоса тапсырылды.

Марапаттар әуенмен көмкеріліп патриоттық "Өз елім", "Атамекен" әндері айтылды.

Шара естелік суретке түсумен аяқталды.

https://www.instagram.com/p/DQMLyYXjJY5/?igsh=MTI0dTEzbG44dWltMA%3D%3D
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки