Ақтөбе облысы әкімі Б.М. Сапарбаевтің қатысуымен медициналық кластерді дамыту туралы кездесу
12 маусымда көп бейінді Ақтөбе медициналық орталығында Ақтөбеоблысыәкімі Б.М. Сапарбаевтің төрағалығыменкеңейтілгенмәжіліс өтті. Мәжіліс жұмысына облыс әкімінің орынбасары Е. Ж. Нургалиев, облыс маслихаты хатшысының м. а. Д. А. Довматенко, облыс және қала әкімдігінің басқарушы құрамы, денсаулық сақтау ардагерлері, ЕПМ жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке ұйымдардың өкілдері, медициналық орталық қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде Облыс басшысы халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудің өзектілігін, кластерлік медицинаның маңызды рөлін, соныменқатар, облыстың медициналық мекемелерінің кадр әлеуеті нарттыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуғаназар аудару қажеттілігін атап өтті.
Ағымдағы жылдың 5 айындағы медициналық кластерлік қызметтің нәтижелері туралы баяндаманы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. А. Калиев жасады. Сонымен қатар ол,ағымдағы 2018 жылдың 5 айында ШЖҚ " Ақтөбе медициналық орталығы« МКК-да -10 231 пациент емделді, оның ішінде ересектерге арналған ауруханада- 6 504, балалар ауруханасында — 3 727, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% артық, 3 426 науқасқа операция жасалғанын атап өтті.
Медициналық орталық құрылғансәттен бастапбүгінгі күнге дейін, 42 910пациент емделді, олардың 24 967-і ересектер, 17 943-і — балалар. Осы кезеңде 856жоғары технологиялық медициналық қызметтер орындалды, оның — 692 ересектерге, 164 — қызмет балаларға.Медициналық орталық құрылған сәттен бастап,басқа қаладан 5 424пациентемделді, оның ішінде ересектер — 3 864, балалар -1 560. Басқа қаладағылардың көпшілігі Батыс өңірінің тұрғындары болып табылады, мысалы, Атырау облысы — 1 488 пациент (олардың 273-і бала), БҚО — 699 адам (олардың 108-і бала), Қызылорда -891 (оның 153-і бала), Маңғыстау облысы- 963 (олардың 180-і бала).
2018 жылдың 5 айындағы кеңес беру-диагностикалық көмек 13 000-нан астам пациенттерге көрсетілді, олардың 61% -ы облыстың балаларына жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 450 жағдайға көп. 70 900 кеңес беру-диагностикалық қызмет көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 5 айында медициналық кластерде 14 шебер-класс өткізілді, олардың 4-і Оңтүстік Корея, Түркия, Германия (маммология, пластикалық хирургия, трансплантология, педиатриялық онкогематология) мамандарының қатысуымен өтті, көрші елдің Ресей, Беларусь дәрігерлерінің қатысуымен 4 шебер-класс (травматология, нейрохирургия, педиатриялық қарқынды терапия, онкология) бойынша, Астана Ұлттық нейрохирургия орталығы, Алматы қ. К ҰЗИ және ІА, Алматы қ. Сызғанов атындағы ҒХО, Астана қ. ҰҒКО-ы мамандары — кардиохирургия, аритмология, гастроэнтерология, хирургия, кардиология бейіндері бойынша өтті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Академиялық аккредиттеу орталығының, Иноземцев атындағы институт (Санкт-Петербург қ.) мамандарын тарта отырып- 6 шебер-класс, сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің РЦРЗ қатысуымен, медициналық ұйымдардың басшыларына және кадрлар қызметі мамандары үшін, HR менеджменті, Адам ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары бойынша 4 көшпелі оқыту өтті.
Облыс әкімі Сапарбаев Б.М. медицина қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету, медициналық қызметтерді қаржыландыру тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, кеңейтілген мәжілісте Медициналық кластердің өзекті мәселелері талқыланады және жақын болашақ жоспарлары қарастырылады.